Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды

фото: Pixabay

Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды

28.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
10
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды. Енді жеке шот бойынша орташа есеппен сағатына 208 кВт электр энергиясын тұтынған тұрғындар қазіргі төлемінің үстіне 500 теңгедей қосып төлеуі мүмкін, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тұтыну көлеміне қарай тарифтер әртүрлі деңгейге бөлінген. Жауапты мамандар қуат көзінің қымбаттауына орташа айлық жалақының өсуі әсер еткенін айтады.

Бұған дейін де қала жұрты жыл басынан бері коммуналдық төлемнің бағасы өскенін айтып, шағымданған еді. Енді Алматыда көктемнің алғашқы күнінен бастап электр қуатының да бағасы өседі.  Электр энергиясының тарифіне 10 пайыз қосылып, қарапайым тұрғындар құн салығынсыз 25,55 теңге, заңды тұлғалар 29,73 теңге төлейді. Ал бюджеттік ұйымдарға сағатына 32,73 теңгеден есептелген.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025
Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

Бірінші деңгейде 23,16 теңге, екінші деңгейдегі тариф – 30,66 теңге, ал үшінші деңгейдегі тариф – 38,33 теңге. Жеке шот бойынша орташа 208 кВт/сағ тұтыну кезінде халық үшін орташа чек 506 теңге өседі. Қалған коммуналды қызметтердің тарифтері бірінші қаңтардан бастап жоспарлы түрде өсті”, – деді табиғи монополияларды реттеу комитеті алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева.

Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін бағаның өсуіне байланысты әлеуметтік төлем де ұлғайтылмақ. Демек мегаполис бойынша 8 жекелеген санатқа кіретіндер, яғни ұлы отан соғысына қатысқандар және олармен тең дәрежедегі тұлғалар, осал топтағылар, бірінші және екінші топтағы ерекше қажеттілігі бар жандар, көпбалалы отбасылар мен жасына байланысты зейнеткерлерге бірінші шілдеден бастап өтемақы төлеу түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілмек. Бүгінде Алматы бойынша дәл осы санатқа жататын 315 мың азамат бар екен.

“Тарифтің өсуіне байланысты 1 наурыздан бастап бұл көмекті 0,75 айлық есептік көрсеткіш, яғни 2769 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл мәселе алдағы келе жатқан мәслихаттың сессиясында қаралады. 1 шілдеге дейін жоғарыда айтып кеткен көмек 8 санаттағы азаматтарға көрсетіледі”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Тег: тарифэлектр қуаты

Ұқсас материалдар

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді «өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеп, еңбек заңнамасын өрескел бұзып жатады. Мұндай жағдайда көпшілік құқықтық сауатсыздықтан амалсыз...

Антикор қанша млрд теңгені негізсіз пайдаланудан сақтап қала алды?

Антикор қанша млрд теңгені негізсіз пайдаланудан сақтап қала алды?

27.05.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін...

Келесі
Оразада ауызын уақытынан кеш ашқан адамның оразасы қабыл болады ма?

Оразада ауызын уақытынан кеш ашқан адамның оразасы қабыл болады ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz