Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда қоғамдық көліктің құны неге көтерілді?

фото: pixabay.com

Алматыда қоғамдық көліктің құны неге көтерілді?

22.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясы кезінде қаладағы қоғамдық көліктің құнын 120 теңгеге көтеру шешімі қабылдады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов бұл өзгерістің себебін түсіндірді.

— Бізде субсидия рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Биыл тасымалдаушы компанияларға бөлініп отырған 97 млрд теңге Қызылорда, Талдықорған сынды облыстық маңызы бар қалалардың бюжетімен бірдей. Тариф пен субсидия мұндай бағытта жүре беретін болса, басқаруға келмейтін процесстерге алып келуі мүмкін. Сондықтан біз тариф бағасын біртіндеп көтеріп отырудан ешқайда кете алмаймыз. Біріншіден, жергілікті бюджетке түсетін жүктемені азайтуымыз керек. Бірақ бұл шағын өсім халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етпейді. Бүгінгі дейін кім тегін жүрсе, олар әрі қарай да тегін жүре береді, кімнің 50% жеңілдігі болса, бұл жеңілдік оларда қалады. Жолақының құны қаланың барлық бөлігінде, барлық маршруттарға бірдей. Адам 70 шақырым жүріп өтсе де, осы 120 теңгені төлейтін болады. Айлық жол жүру ақысы 7200 теңгеден 9900 теңгеге көтерілді, — деді ол.

Мәслихат депутаты қолма-қол төлем жасау мүмкіндігі неге алынып тасталғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, төлемнің қолма-қол ақшасыз жасалуы — жүргізушілердің жұмысын жеңілдетеді, оларды алаңдататын себептерді азайтады. Оған қоса, төлеу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, болашақта субсидия көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сонымен қатар Нұрсұлтан Шоқанов «жолақы алдағы жылдары тағы да қымбаттауы мүмкін бе» деген сұраққа нақты жауап бермесе де, тарифтердің көтерілуін қолдайтынын айтты.

— Менің пікірімше, тарифтерді көтеру қажет. Бүгін өзге де депутаттар осыған ұқсас ойларын ортаға салды. Өйткені көмекті шынымен қажет ететін адамдардың тобына ғана субсидия жасалуы керек. Олар: зейнеткерлер, студенттер, көпбалалы аналар, — деді депутат.

Тег: автобусқоғамдық көлік

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының қанша пайызы жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейді?

Алматыда қоғамдық көлік жолаушыларының қанша пайызы жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz