“СОМЭ ”ЖШС сейсмологтары 24 қаңтар күні сағат 02:38-де Алматының оңтүстік-шығысынан 273 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі балғанын растады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
“Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6, магнитудасы MPV – 4,9, эпицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған”, – делінген хабарламада.
Араға уақыт салып сағат 05:05 шамасында Қытайда, Алматының оңтүстік-шығысынан 267 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 44 адамға жеткенін хабарлаған едік.