Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда жер сілкінісі салдарынан үйлеріне зақым келген қала тұрғындарына өтемақы беріледі

фото: elements.envato.com

Алматыда жер сілкінісі салдарынан үйлеріне зақым келген қала тұрғындарына өтемақы беріледі

15.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
18
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы айлары Алматы тұрғындары жер сілкінісі үрейімен ұйықтайтын болды. Әсіресе көпқабатты үй тұрғындары сәл дүмпу сезе салсымен далаға атылып шығатын болған. Бірқатар ғимараттар тұрғын үйлерге зақым келген. Осының салдарынан үйлері қираған қала тұрғындарына өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері мемлекеттен өтемақы берілетіні жайлы айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары баспаналарының зақымданғанын дәлелдеп, әкімдікке өтініш беруі керек. Содан соң арнайы құрылған комиссия мүшелері ғимараттарды жан-жақты сараптамадан өткізеді. Демек, олар тірек құрылымдарының бұзылуы немесе төбе, сылақ, қасбетті әрлеу сияқты жұмыстарға назар аударып, зерттейді.

Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға келер болсақ, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда жөндеу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек. Тұрғын үйлерге қауіп төндіретін зақым болса, онда мемлекеттік органдардың бюджетінен қаржы бөлінеді. Әзірше тізім жинақталып жатыр. Соңғы деректерге сәйкес, Алматыда жер асты дүмпуінен кейін 188 тұрғыннан өтініш түскен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қираған тұрғын үй құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органдары растаушы құжаттардың негізінде тұрғын үйі авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады. Ғимараттар мен құрылыстардың тиімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қараудан кейін ғана анықталады”, – деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй құрылысы басқармасының басшысы Амантай Телқожа.

 

Тег: алматыЖер сілкінісіөтемақы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
660 мыңнан астам қазақстандық алаяқ көмек сұраушыларға ақша аударған

660 мыңнан астам қазақстандық алаяқ көмек сұраушыларға ақша аударған

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz