Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда жойқын жер сілкінісі күтіле ме – ТЖМ мәлімдеме жасады

Алматыда жойқын жер сілкінісі күтіле ме – ТЖМ мәлімдеме жасады

20.02.2024
Жаңалықтар
245
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс барысында ТЖ министрі “Қазселденқорғау” ММ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, жолдар мен көпірлер қызметі (“Қазавтожол”), химиялық қызмет, медициналық қызмет, көлік қызметі, байланыс қызметінің баяндамаларын тыңдаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

ТЖМ ақпараты бойынша жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түсті.

“Қазселденқорғау” ММ ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекет бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды. Бекеттердің жалпы саны – 76.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер еткен жоқ. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түскен жоқ. Тексерулер жалғасуда”, – делінген хабараламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу пункттерінде. Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет еткен.

Еске сала кетейік,  қаңтардың 23-не қараған түні Алматыда бірқатар жер сілкінісі тіркелді. ТЖД ақпаратынша, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,7 баллды құраған. Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның сөзінше, зілзала магнитудасы 2-3 балл болған.

Тег: алматыЖер сілкінісіТЖМ

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 44 адамға жетті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz