Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын нені білу қажет?

фото: pixabay.com

Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын нені білу қажет?

10.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Былтыр жыл басынан бері соттарға заңнама мен құрылыс нормаларының талабын бұзғаны үшін 230 талап арыз жолданды. Оның ішінде 96 нысан толық немесе жартылай бұзуды талап етеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Алматы әкімдігінің мәліметі бойынша, бұзуға жататын нысандардың ішінде тұрғын үй кешендері мен таунхаустар бар. Міндетіне салғырт қараған құрылыс салушылар ондағы бірқатар пәтерді сатқан. Көбінесе құрылыс салушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес үлескерлердің қаражатын тарту үшін 3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлерге рұқсат талап етілмейтіндігін пайдаланады. Бұл көбінесе бастапқы жылжымайтын мүлік нарығындағы күмәнді мәмілелерге ықпал етеді. Бұл жағдайда тексеру мен сот талқылауын жүргізудің құқықтық нормасында белгіленген рәсімдерінің ұзақтығы міндетіне салғырт қараған жауапсыз құрылыс салушыға заңсыз нысанда пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың белгілі бір санын сатуға мүмкіндік береді.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдары қала тұрғындарын құлақтандыру үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендері туралы ақпарат жариялап отырады. https://kaz.inform.kz/news/almatida-satip-aluga-usinilmaytin-uyler-tzm-shikti-af317f/

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Алайда жылжымайтын мүлік нарығындағы мәміледегі шығындарды болдырмау үшін құрылыс салушыдан толық рұқсат құжаттарын талап ету немесе Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық арнасы арқылы тиісті құжаттарының бар-жоғы туралы сенімді ақпарат алу қажет екенін ұмытпаған жөн. Қала құрылысы және урбанистика басқармасынан құрылыс салушыдан үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың болуы туралы ақпарат алуға болады»,- деп атап өтті әкімдіктен.

Егер тұтынушы жылжымайтын мүлікті заңсыз нысанда сатып алса, құрылыс салушы қаражатты қайтарудан бас тартқан жағдайда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне және құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек.

Басқарма сондай-ақ осы нысандардың бірқатары неліктен жартылай салынғанын және олардың құрылысы бастапқы кезеңде қандай себеппен тоқтатылмағанын түсіндірді.

«Қазіргі таңда сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс нысандарына кедергісіз бару құқығынан айырылды. Жоспардан тыс тексерулер ҚР Кәсіпкерлік кодексімен регламенттеледі және тек ресми өтініш негізінде жүргізіледі. Осылайша, заңсыз құрылыс фактісін тіркеу және құрылыс салушыға шара қолдану үшін жоспардан тыс тексеру жүргізу қажет», – делінген хабарламада.

Ресми өтініш алғаннан кейін материалдарды жинаудың және тексеруді ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасында тіркеу процесі жүреді. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылық анықталған жағдайда, оларды жоюға және құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұруға нұсқама беріледі.

Нұсқама мерзімі өткеннен кейін тексеру субъектісі нұсқама талаптарының орындалуы туралы ақпарат беруге тиіс. Егер бұзушылық жойылмаса, материалдар жұмыстарды тоқтата тұру және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы процестік шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберіледі. Содан кейін нысанды бұзу туралы азаматтық тәртіпте сотқа талап арыз жіберіледі. Сот үдерістері нысанның көлеміне және істің күрделілігіне байланысты бірнеше айға созылады.

Айта кеткен жөн, заңсыз құрылыс мәселесі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың ерекше бақылауында. Қала басшысының тапсырмасымен мегаполис бойынша талап қою қызметінің нәтижесіне сәйкес, өткен жылдан бастап 35 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

Тег: алматытұрғын үйүй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Медициналық ұйымдарда қомақты сомадағы қарыз ненің салдарынан болды?

Медициналық ұйымдарда қомақты сомадағы қарыз ненің салдарынан болды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz