“Q-net” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді Алматы қаласы бойынша АФМ департаменті аяқтады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Тергеу барысында істің 5 қатысушысы 2018-2022 жылдар аралығында Алматыдағы “Q-net” қаржы пирамидасының филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 75 млн теңге сомасына материалдық залал келтіре отырып, 45 салымшы тартылды.
Қазіргі уақытта 5 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды және сотқа жіберілді. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасында мүлікке тыйым салынды.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемек..