Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алтын Ордадағы жаңа павильоннан кәсіпкерлер орын алу үшін 1,5 млрд теңге берсе де оның құрылысы сол күйінде қалған

фото: Sputnik

Алтын Ордадағы жаңа павильоннан кәсіпкерлер орын алу үшін 1,5 млрд теңге берсе де оның құрылысы сол күйінде қалған

22.12.2023
Жаңалықтар
67
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы облысындағы “Алтын Орда” базарының кәсіпкерлері шу көтерді. 300-ден астам саудагер жаңа салынып жатқан сауда кешеніне қатысты наразылығын білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер ғимараттың құрылысына әрқайсысы өз қалтасынан кем дегенде 7 миллион теңгеден қаржы құйғандарын айтты. Кейін басшылық ауысып, не ақшасыз, не орынсыз қалдық деген олар ашуларын жасырмады. Полицияға да шағым түсіріп үлгерген.

14 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысатын Айгүл Нұржауованың бүгінде мазасы жоқ. Тапқан-таянғанын балаларынан аямайтын келіншек жаңа павильоннан орын алу үшін 10 млн теңге қаражат құйған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Өткен жылы қазан айынан бастап бізге жаңа павильонда орын сатылады деген әңгіме шығып, біз соған ақша құйдық, әркім әртүрлі сомада. Біреу 5 млн, біреу 10 млн берді. Өз басым 10 млн құйғам, жылы жерде тұрайық деп. Қазір өте суық жерде тұрып жатырмыз. Өз орнымызды алсақ деп талап қоямыз”, – дейді кәсіпкер Айгүл Нұржауова.

Жаңа павильонның құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Аумағы 28 мың шаршы метр. Саудагерлер бұл жерден орын алу үшін 2 млрд теңге қаражат жұмсағанын айтады. Олардың айтуы бойынша, құрылыс қысқа дейін аяқталуға тиіс болған. Бірақ басшылық ауысып, жаздан бері тұралап қалған. “Бұрынғы директор Данияр Әлпиев алған ақшамызды қайтармақ түгілі, келісімшарт та жасаспады” деп қапаланып отыр.

“Мен үш орын алдым. Жалпы мөлшермен 20 миллиондай құйдым. Келген кезде бағасын 12 миллион деді. Келісімшарт сұрап едік, чек берді де, келісімшартты “әне береміз”, “міне береміз” деп, сол күйі бермеді, – дейді наразылығын білдірген тағы бір кәсіпкер Әлима Нұрмұхаммед.

300-ден астам кәсіпкер әр орынға кемі 7 миллион теңгеден құйған. Одан бөлек, жердің иесіне төленетін ай сайынғы жалдау ақысы бар. Олар ауданның полициясына да шағымданған. Бірақ нәтиже жоқ.

“Қылмыстық іс қозғалды, бірақ баяу жүріп жатыр. Бұл жерде кішігірім іс емес, бұл жерде тергеу тобы құрылу керек еді. Негізі тергеу тобында екі-үш тергеуші болу керек еді. Сондықтан тергеуге көңіліміз толмай отыр. Өйткені ақша қайда кеткенін білмей жатыр. Жұмсалған ақша қайда кетті? Әлпиев ешқандай түсініктеме бермейді”, – дейді адвокат Бауыржан Рахалиев.

Күнделікті нанын осы жерден тауып жүргендер енді қайда барарын білмей жатыр. Ал жаңа келген басшылық құрылысты жалғастыруға қайта кірісіп жатқанын айтты.

“Бұл жұмыс не үшін созылды, бұл жерде алдында “Алдан строй” деген құрылыс компаниясы болды. Негізі техжоспар бойынша жұмыс атқарылмады. Олармен келісімшарт бұзылып, жаңа құрылыс компаниямен кірді. Енді сол компания техжоспарымен алдағы уақытта құрылысты дер кезінде бітіруге өз үлесімізді қосамыз”, – деп түсіндіреді “Алтын орда” базары атқарушы компаниясының заңгері Ізбасар Өтеулин.

Даулы мәселенің жай-жапсарын полициядағылар да түсіндірмеген. Десе де сатушылар тиісті орындарына жайғасып, саудамызды жүргіземіз деп үміттенеді.

Тег: Алтын ОрдаБасты жаңалықтар

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Көлік техпаспортының бар-жоғын анықтауды автоматтандыру жоспарлануда

Көлік техпаспортының бар-жоғын анықтауды автоматтандыру жоспарлануда

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz