Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Амандасқанда қол бермей қойды”: Талғат Жорабаев экс-жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы сыр тарқатты

фото: ашық дереккөз

“Амандасқанда қол бермей қойды”: Талғат Жорабаев экс-жездесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы сыр тарқатты

20.11.2023
Жаңалықтар
166
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші, Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат Жорабаев әпкесінің бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әншіні алғаш сахнаға шығарып, продюсері болған – экс-жездесі.

“Алтынай үнемі қыздарын әкелеріне жіберіп тұрады. Үлкен ағаларымен де араласады. Әпкем екеуміз ғана сахнада жүргесін, жанында басқа бауырларынан гөрі мен көбірек болдым. Бұрынғы жездемізді ешқашанда жамандаған емес. Қыздарды да ешқашан қарсы қойған емес. “Барып тұрыңдар, денсаулық жағдайын біліп тұрыңдар. Қандай да болса әкелерің” деп айтқанын бірнеше мәрте өз құлағыммен естідім”, – дейді әнші.

Талғаттың сөзінше, экс-жездесімен көрген жерде сәлемі түзу екен.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Бір салада болғасын, көрген жерде үнемі амандасамын. Ешқашан арқамды беріп, теріс отырған емеспін. Амандасқанда қол бермей, сәлемімді алмаған күндері де болды. Мен оған ренжімеймін. Ол – адамның болмысы мен санасындағы дүние. Барынша кішіпейіл болуға тырысамын. Ата-анамның берген тәрбиесі де алдымен үлкенді сыйлау болатын. Сондықтан тәрбиемнен аттап кетіп, ол кісіні көрген жерде үндемей отыра алмаймын. Бірақ етене араласып, кішкентайлы болғанымен құттықтап, бірге шай ішпеймін, – дейді өнер иесі.

Сонымен қатар әнші қазіргі жездесі Әлішер туралы да айтып өтті.

“Әлеуметтік желіге маған Алтынайдың машина сыйлап жатқан видеосы тарап кеткен болатын. Сол жездемнің сыйлығы екен. Оны маған кейін айтты. Жездем де жаяу жүрмеуің керек деп айтып жүргенде, “Өзім-ақ аламын, маған әпермей-ақ қойыңыз” дейтін едім, бір күнде көлікті болдым. Жездеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Ол кісінің әпкеме қосылуын ерлік деп санаймын. Бұрын үйленбеген еркектің төрт баласы бар әйелді алу – ерлікпен пара-пар. Сол үшін жездемді қатты сыйлап, құрметтеймін. Ел арасында “Жаңа күйеуі Алтынайдың үйіне кіріп алыпты” деген өсек бар. Мұның бәрі – қауесет, сенбеңіздер! Әпкеміздің артында тұрып түгел жағдайын жасап отыр. Ең бастысы, әпкемізбен тату-тәтті өмір сүріп, жақында дүниеге келетін сәбиімен қауышуды жазсын”, – дейді әнші.

Тег: Алтынай ЖорабаеваСәбит ӘбдіхалықовТалғат Жорабаев

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz