Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Әрқайсымыз миллион теңгеден бердік”: Англияға жұмыс істеуге барған бір топ азамат алаяқтарға алданып қалды

фото: видеодан үзінді

“Әрқайсымыз миллион теңгеден бердік”: Англияға жұмыс істеуге барған бір топ азамат алаяқтарға алданып қалды

01.02.2024
Жаңалықтар
264
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Шетелге апарамыз деп сендірген компания өкілдеріне 750 мың теңгеден бастап 1 миллион теңгеге дейін берген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі мен таныстарынан естіген жарнамаға алданып, Англияға барып жалақысы жоғары жұмысқа тұруды көздегендер бірден келісімшартқа отырып, компанияның айтқан қаражатын санап беріпті. Аз уақыттың ішінде шекара асып, ай сайын миллионнан жоғары табыс табасыңдар деген сөз жалған болып шықты дейді.

“SVictory-ге әрқайсымыз миллионнан бердік. 20 күн, көп дегенде 1 айда кетесіңдер деді. Біз құлпынай теруге баратын болып келістік. 300-400 адам, бізден кейін тағы 200-ден астам адам болды. Басқа жерден кеңсе ашқан. Тағы да адам жинап жатыр”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Қайрат Мұсаев.

Қаражат бергендеріне бір жылға жуықтаған тұрғындар енді полицияға арыз жазып, кінәлілерді жауапқа тартпақшы.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Сол компанияның басшысына арыз түсірдік. Компания ешқандай әрекет жасамағанын, себебі олардың мұндай жұмысқа тұрғызатын мүмкіндігі жоқ екенін біз қазір анықтап отырмыз”, – дейді адвокат Тілеужан Кішкенбаев.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті бұл іске байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

“Жәбірленушілердің арызы биыл 22 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасына түсті. Қазір қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп атап өтті полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Жауапты мамандар мұндай іске барар алдында компания туралы барлық мағлұматты тексеріп алуға кеңес береді.

Тег: АлаяқАнглияжұмыс

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді”: Германияға емделуге барған Қарақат Әбілдина сапары жайлы айтып берді

"Жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді": Германияға емделуге барған Қарақат Әбілдина сапары жайлы айтып берді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz