Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сыбайластардың бірі Айым Сәдуақасова сот шешімімен босатылды деп хабарлайды Kaskelen.kz
“Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы Айым Сәдуақасоваға қатысты үкімі өзгертілсін. ҚР Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 2-тармағының 5-бабының 28-бабы және 189-бабы 4-бөлігі бойынша тағайындалған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеу 5 жылға кейінге қалдырылсын” – деді судья Мұрат Солтыбаев.
Судьяның айтуынша, Айым Сәдуақасова 5 жылға босатылып, содан кейін сот тағайындаған жазаны өтейді.
“Айым Сәдуақасоваға қатысты бұлтартпау шарасы жойылсын, қамаудан дереу босатылсын. Айым Сәдуақасованы үкім заңды күшіне енгеннен кейін 1 күн мерзімде тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне есепке қою үшін келуге міндеттесін”, – дейді ол.
Еске салайық, биыл 20 маусымда Арыстанбек Мұхамедиұлының сыблайластары Айым Сәдуақасова, Алмаз Нұразхан және Азамат Көшенов сот шешімімен 7 жылға сотталған еді.