Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырған Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
«Құқық қорғау жүйесінде „Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы“ заң жобасын әзірлеу жоспарланған. Жол қауіпсіздігі жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, зияткерлік жүйелерді енгізу және автомобильдердің техникалық жай-күйін тиісінше бақылау жолымен күшейтіледі. Қорғаныс саласында Қарулы күштерде заңдылықты, құқықтық және әскери тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара жоспарланған, бұл әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін басым түрде қамтамасыз етуге тиіс», — деді Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар, өңірлер Жалпыұлттық жоспардың әр бағытының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.