Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Астанада электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесі қанша пайызға артты?

фото: pixabay.com

Астанада электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесі қанша пайызға артты?

01.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Биылғы жылдың 5 айында Астана қаласының мемлекеттік кіріс органдары 923 236 мемлекеттік қызмет көрсетті. Соның ішінде 916 676, яғни 99,3% қызмет электрондық түрде, ал 6 560 қызмет қағаз түрінде көрсетілген. Жеке тұлғаларға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге 510 397 қызмет, ал заңды тұлғаларға 412 839 қызмет көрсетілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңындағы брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әлімова мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«Маңызды жетістіктердің бірі – Электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін 99,3 пайызға дейін арттыру болды. 2013 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңы қабылданды. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету № 665 ережесі бекітілді. Осы Қағидалармен Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері айқындалған. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қажетті құжаттардың тізбесі, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер және мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар көрсетілген», – деді Айгүл Әлімова.

Оның сөзінше, Мемлекеттік кіріс органдары 42 мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның ішінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште 1 қызмет көрсетілген, электрондық түрде – 5 қызмет және баламалы негізде ақпараттық жүйелер арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорациясы арқылы 36 қызмет көрсетіледі.

«Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге тоқталатын болсам, бұл салық есептілігін қабылдау, салық есептілігін кері қайтарып алу, сондай-ақ салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу және қайтару. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – салық есептілігін қабылдау. Осы жылдың 5 айында бұл қызмет 666 983 рет көрсетілді, соның ішінде электронды түрде 665 802, қағаз түрінде 1 181 қызмет көрсетілді. Осы қызметтің тәртібі Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 12-қосымшасында айқындалған. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі», – деді спикер.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру балама негізде жүзеге асырылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 3-тармағына сәйкес, салық есептілігін ұсынады.

Салық өтініші мен салық есептілігі таңдау әдісі бойынша, тиісті салық органдарына ұсынылады, яғни:

  • келу тәртібімен-қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда);
  • пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен-қағаз жеткізгіште;
  • электрондық нысанда, салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).

Сонымен қатар салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер бойынша қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі де ерекшелік болып саналады. Бұл жағдайда салық есептілігі көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібімен ұсынады.

Мемлекеттік қызмет электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде тегін көрсетіледі.

Салық өтініші мен салық есептілігі салық органдарына салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

  1. салық есептілігінің екінші данасында көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің белгісі;
  2. пошта немесе өзге де байланыс ұйымын яки Мемлекеттік корпорацияда салық есептілігін қабылдау туралы қабылдау уақыты мен күнін белгілеу;
  3. көрсетілетін қызметті берушінің салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама;
  4. мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы;
  5. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған Патент.

«Қосымша түрде жария етілетін мәліметтің бірі, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап «шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 910.00 салық есептілігі нысаны бойынша 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы салық есептілігін табыс ету мерзімі басталатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ 2024 жылғы 2 тоқсанда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялар бойынша (200.00-нысан), қосылған құн салығы бойынша (300.00-нысан), қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша (870.00-нысан) және бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін (913.00-нысан). Көрсетілген кезең үшін салық есептілігін табыс ету мерзімі осы жылдың 15 тамызында аяқталады. Мәлімет үшін уәкілетті органның ресми интернет-ресурсының www.kgd.gov.kz басты бетінде, «мемлекеттік қызметтер – салық төлеушінің аумағы» бөлімінде танысу үшін салық есептілігінің өзекті нысандары, сондай-ақ оларды толтыру ережелері қолжетімді», – деді Айгүл Әлімова.

Тег: Астанамемлекеттік қызмет

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Еліміздің қай қалаларында тұрғын үй бағасы арзандаған?

Еліміздің қай қалаларында тұрғын үй бағасы арзандаған?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz