Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Астанадағы тұрғын үй кешенінде табысы 500 млн теңгеден асатын секс-притон анықталды

фото: ашық дереккөз

Астанадағы тұрғын үй кешенінде табысы 500 млн теңгеден асатын секс-притон анықталды

15.11.2023
Жаңалықтар
359
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астана соты елордадағы элиталық тұрғын үй кешенінің бірнеше пәтерінде бір жылдан астам жезөкшелікпен айналысқандарға қатысты үкім шығарды. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, мекеменің осы уақыт аралығындағы табысы 500 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Сот материалдарынан 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласының тұрғыны күйеуімен бірге интимдік қызмет көрсететін мекеме ашқаны анықталды. Интимдік қызмет көрсету үшін олар тұрғын үй кешінінің бірнеше пәтерін бір түнге жалға алып отырған. Әр пәтерде ауысыммен “қызмет ететін”  2-3 қыздан бөлек, клиентпен сөйлесіп, жаңадан келген қыздарға нұсқау беріп, қалтаға түсетін қаражатты бақылап отыратын әкімші қызмет еткен.

Секс-притонды ашқан астаналық тұрғын қызмет көрсететін қыз-келіншектерді жұмысқа өзі таңдаған секілді. Ол интернетке “жалақысы жақсы төленетін массаж жасайтын қыз іздеймін” деп хабарландыру жариялаған. Сондай-ақ келіншек Kyzdar.net сайтындағы қыздардың жеке басына қатысты мәліметтерін де қолдан жасаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Жезөкшелер үйіне жұмыс істеуге келген әрбір қыз кепіл ретінде 50 мың теңге төлеуі керек. Интимдік қызмет құны сағатына 40-100 мың теңге аралығында. Ал қыздардың тапқан ақшасының жартысын жұмыс берушіге тиесілі болған. Жезөкшелер үйінде айыппұлдар жүйесі болған. Мысалы, қыз-келіншектер “жұмысқа” кешіксе немесе әкімшімен дөрекі сөйлессе, айыппұл төлеп отырған. Сонымен қатар жұмысшылардын жалға алынған пәтер мен тазалық жұмыстар үшін де еңбекақысынан ақша ұстап қалатын көрінеді.

“Клиенттерден түскен қаражат келіншектің есепшотына түссе, ал қолма-қол ақша әкімшіге аударылды. Жезөкшелер үйінің иесі WhatsApp қосымшасында “Гармония” деген екі топ құрды, оған өзін, жезөкшелер үйінің әкімшілері және интимдік қызмет көрсететін қыздарды қосады. Онда жұмыс барысындағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, клиенттердің келуі туралы хабарлау, олардың белгілі бір интимдік қызметтің түрлерін қалайтыны жайлы айтылады. Әкімшілер, қыздар және притон басшысы бар “Кассир” тобында қыздар клиенттен қанша қолма-қол ақша алғанын жазып, егер клиент келіншектің картасына ақша аударса, түбіртектің суретін жіберген”, – делінген хабарламада.

Интимдік қызмет көрсететін салон иесі кіріс-шығысты жазып отыратын есеп кітапшасын жүргізген. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, олардың күнделікті табысы 800 мыңнан –  2,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Жезөкшелер үйінің бір жыл үш ай жұмыс істегендегі жалпы табысы 504 миллион теңгеден асады.

“Кәсіп” иесінің серіктесі жезөкшелер үйіне күн сайын түнде ақша жинау үшін барып тұрған. Сонымен қатар ол “кәсіптің” жабылып қалмауын ойлап, полиция қызметкерлеріне тұрақты ақша беріп тұрған. Сөйтіп жүргенде учаскелік инспекторлардың бірі 300 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Өткен жылдың тамыз айында көршілердің шағымына байланысты “мекемеде” қиындықтар туындап, олар бір айға Астананың оңтүстік-шығысындағы коттеджге көшіп кеткен еді. Бірақ, ол жерде жақсы табыс таба алмаған соң бұрынғы орынға қайта оралады. Жақында сот жезөкшелер үйін ашқан астаналық келіншекті шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесі мен отбасылық бизнесін жасырған полиция қызметкері де 4 жылға темір торға тоғытылды.

Тег: Астанажезөкшелерполициясекс-притонтұрғын үй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Зорлық кабинетте болғаны рас”: Адвокат полиция басқармасы бастығының ісін растады

"Зорлық кабинетте болғаны рас": Адвокат полиция басқармасы бастығының ісін растады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz