Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстандағы мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды kaskelen.kz
“Мобильді төлемдерді толық бақылаудан бас тартуды ұсынамыз: тек микробизнес деңгейінде айына миллион теңгеден асатын аударымдар үшін ғана критерий енгізу керек”, – деді ол.
Сонымен қатар Депутат Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін едәуір төмендетуді ұсынды.
“Бүгінгі таңда 6 ірі банк 67 пайызды бақылайды, бұл барлық екінші деңгейдегі банктердің активтерінің үштен екісі, бұл қалыпты жағдай емес. Бәсекелестікті қамтамасыз ету және несиелендіруді ынталандыру үшін ірі банктерді бөлу мәселесін қарастыру қажет”, – дейді Азат Перуашев