Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бала абьюзер болып өспеуі үшін не істеу қажет?

фото: pixabay.com

Бала абьюзер болып өспеуі үшін не істеу қажет?

05.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
8
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Абьюзер адаммен бірге өмір сүру айтарлықтай қиын. Себебі ол өзге адамның бостандығын шектейді, психологиялық тұрғыдан қыспаққа алады, тіпті ұрып-соғуы да мүмкін. Ал заманауи қоғамда физикалық зорлық-зомбылықпен күреске аса назар аударылып, заң жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан перзентіңіздің жақсы адам болуы және жарқын болашағы үшін онымен бала кезінен бастап жұмыс істеу керек. Осыған байланысты балалар психологы, монтессори-тәрбиеші Гүлсая Берікқызы маңызды аспектілерді атап кетті.

Психологтың сөзінше, абьюзер адам кез келген отбасыдан тәрбиеленіп шығуы мүмкін. Демек отбасының кедей, бай, ауқатты, отбасы мүшелерінің білімді болуы, баланың қандай болатынына әсер етпейді. Отбасы бай, ата-анасы тәрбиелі, өнегелі адамдар болса, оның баласы абьюзер болмайды деген қағида жоқ. Бай, көпті көрген отбасыдан абьюзер, ал қаржылық қиындықтары бар, ата-анасы ішкілікке салынған отбасыдан мейірімді бала шыға алады. Отбасы қандай болса да, ата-ананың бірі абьюзер болса, ол қасиет баланың бойында да байқалады.

“Абьюзивті ата-ана дегеніміз ата-ана немесе олардың бірі өзі байқамай, балаға эмоционалды зорлық-зомбылықтың нәзік әдістерін қолдануы. Мысалы, қазақтарда “Ертең өскенде кім боласың? Сол жүресің еден жуып” деп айтып жатады, мұнда құнсыздандыру мен сын бар. Ал “Ана жұрттың баласын қарашы, сабағын да жақсы оқиды, үйдің шаруасын да жасайды. Ал сенің қолыңнан дым келмейді” деген сөзден салыстыру байқалады”, – деді ол.

Ата-ананың көзқарасы баланың дамуына тікелей әсер етеді. Көзқарас әдетте оң және теріс болады. Әрине, ешбір ата-ана перзентіне жамандық ойламайды, алайда кейде олар өздері байқамай, балаға қарапайым сөзі арқылы теріс әсер етеді. Мысалы, сен ең ақылдысың, әдемісің, пысықсың деп мақтаған сайын баланың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сонымен қатар, Гүлсая Берікқызы ата-ана баладан бұрын өзін тәрбиелеуі керегін айтты.

“Мен ата-аналарға әрдайым баланы емес, алдымен өздерін тәрбиелеуді ұсынамын. Өйткені отбасыда еркек әйеліне қол көтеріп, зорлық-зомбылықтың түрлерін көрсететін болса, балаға “қыздарды қорғау керек, олар нәзік, оларды сыйлап, құрметтеу керек” деп айтудың пайдасы болмайды. Немесе керісінше, егер анасы ұлдарының көзінше қызына дауыс көтеріп, дұрыс қарамайтын болса, бұл да ұл тәрбиесінде оң нәтиже бермейді. Қазақтарда анасы қызына “қолыңнан түк келмейді, оқымағансың, ақылың жоқ, сені кім тұрмысқа алады” деп төмендетіп жатады. Бұл дұрыс емес. Бала ата-анасының іс-әрекетін қайталайтынын ұмытпаған жөн”, – деді ол.

Тег: абьюзерата-анабала

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Электронды қолтаңбамен қандай мәмілелерді растауға болмайды?

Электронды қолтаңбамен қандай мәмілелерді растауға болмайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz