Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Балаларға әуелден есігім ашық”: Атырауда бір топ азамат әкесіз балаларды асырап алды

фото: ашық дереккөз

“Балаларға әуелден есігім ашық”: Атырауда бір топ азамат әкесіз балаларды асырап алды

19.10.2023
Жаңалықтар
78
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Атырауда кең жүректі ер азаматтар ерекше бастаманы қолға алып отыр. Олар әкесі өмірден озған, жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасындағы балаларға тәлімгер болып, әкелік мейірім сыйлап жүр,, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.

Еріктілер қолға алған “Менің тәлімгерім” жобасына қазір он әке қатысып жатыр. Олардың қатарында оқу орындарының басшылары, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер де бар. Біз “Тәлімгер” жобасына қатысып жатқан әкелердің бірі, ақын, қоғам белсендісі, жеке кәсіпкер Арман Жайыққа хабарласып көрдік.
Арман Жайықтың өзі төрт баланың әкесі. Қазір ол әкесі көз жұмған Жақсыбек есімді 8 жастағы балаға мейірімін төгіп жүр.

“Қазақта “Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды” деген сөз бар. Ер баланың қоғамда өз орнын тауып, лайықты азамат болып ер жетуіне әке тәрбиесінің ықпалы ерекше. Мақсатымыз – жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған балаға әке жылуын сезіндіру болды”, – дейді Арман.

Бастапқыда Арманды кішкентай Жақсыбек тосырқай қабылдаған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Суыртпақтап отырып, сөздерін әрең суырып алатынмын. Қазір ептеп үйреніп келеді. Күнінің қалай өткенін, сабақта не істегенін әңгімелеп береді. Өзімнің төрт балам үшін бұл жаңалық болмады. Себебі, үйге жетім балалар көп келеді. Мұндай көңілі жарым балаларға әуелден есігім ашық”, – дейді Арман.

Жақсыбекті Арман әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы Мақсат Тәж-Мұраттың “Мәншүк: мұз бен жалын жыры” және “Неизвестная война. Маншүк” кітаптарының таныстырылымына апарған.

Тег: Атыраубалаларжетім

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде екі жаңа мейрам пайда болмақ

Елімізде екі жаңа мейрам пайда болмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz