Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Баланы интернеттегі қауіп-қатерден қалай қорғап қалуға болады?

фото: pixabay.com

Баланы интернеттегі қауіп-қатерден қалай қорғап қалуға болады?

16.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
9
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Оқу-ағарту министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитеті жеткіншектердің интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге пайдалы ақыл-кеңес ұсынады.

Ата-ана бақылауы — баланың интернетті, қосымшалар мен контентті пайдалануын тексеруге және бақылауға арналған құралдар мен бағдарламалар.

ҚАНДАЙ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
  • жағымсыз сайттар мен қосымшаларды бұғаттау
  • кілт сөздермен іздеу тапсырмаларын сүзгіден өткізу
  • интернеттегі уақытты шектеу баланың онлайн белсенділігін бақылау
  • әлеуметтік желілер мен хат алмасуды бақылау спам, вирус және алаяқтық әрекеттерден қорғау құрылғының (баланың) геолокациясы

0-5 жасар балалардың ата-анасына кеңес

1. Бала пайдаланатын үйдегі барлық құрылғылар мен балалар планшетіне ата-ана бақылауы қызметін орнатыңыз.

2. Балаңызға сіздің аккаунтыңызға байланған бөлек аккаунт ашыңыз.

3. Гаджет қолдану ережесін бекітіңіз. Балаңыздың құрылғыларды қонақ бөлмесі сияқты ортақ бөлмелерде қолдануын құптайтыныңызды білдіріңіз.

4. Балаңыздың құрылғысына қауіпсіз қосымшалар жүктеп беріңіз. Оларды өз бетімен жүктеп, онлайн сауда жасау мүмкіндігін өшіріп қойыңыз.

5. Браузерде немесе басты экранда позитивті бастапқы бет жасаңыз. Бұл бала үшін қолайлы ресурстар (YouTube Kids, білім ойындары)

Экран бала күтуші емес. Балаңыздың цифрлық ортасын саналы да саламатты етіңіз.

6-10 жасар балалардың ата-анасына кеңес

АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

1. Балаңызға және смартфон әперген болсаңыз — әуелі оны баптап беріңіз. Балаңызбен бірге телефонға кұпиясөз орнатыңыз, геолокация және іздеу функцияларын қосыңыз. Есептік жазбаны өз аккаунтыңызға байлаңыз.

2. Баланың смартфонындағы ата-ана бақылауы сервисін қолданып, балаңыздың онлайн белсенділігін, жүрген жолын бақылаңыз, сондай-ақ жағымсыз контентті шектеңіз.

3. Үйдегі интернет желісінде ата-ана бақылауын орнатыңыз. Балаңыз үй компьютерін қолданып, сабақ оқу барысында ата-анасына және отбасының басқа мүшелеріне арналған контентке тап болмауын қадағалаңыз.

4. Гаджеттерді үйде, мектепте, демалыс кезінде жіне т. б. қолдану ережелерін жасаңыз. Интернетті қайда, қашан, қанша уақыт қолдануға болатынын, езі туралы қандай ақпаратпен бөлісуге болатынын белгілеп беріңіз.

5. Өзіңіздің жеке құрылғыларыңыз бен есептік жазбаларыңызды, мобильді банкинг қосымшаларын құпиясөзбен қорғаңыз, балаңыз бұл деректерді кездейсоқ немесе әдейі колданып жүрмесін.

11-13 жасар балалардың ата-анасына кеңес

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЛҒАШҚЫ АККАУНТ

1. Балаңыздың жеке және үй құрылғыларындағы ата-ана бақылауы сервисін пайдаланыңыз.

2. Әлеуметтік желі нормалары мен ережелерін елеусіз қалдырмаңыз. Танымал платформалардың көпшілігінде 13 жастан бастап қана тіркелуге рұқсат етілген.

3. Егер балаңыз әлеуметтік желіні қолдана бастаса, оның аккаунтын өз есептік жазбаңызға байлаңыз. Бұл оның аккаунтының, жеке хабарламаларының баптауларын реттеуге, геобелгілерді алып тастауға көмектеседі.

4. Жасөспіріммен оның онлайн өмірі жайлы әңгімелесіңіз. Оның қандай сайттарга кіретінін, қандай ойындар ойнайтынын, кіммен қандай платформаларда сөйлесетінін біліңіз.

5. Балаңызға онлайн абыройдың не екенін және жосықсыз белсенділіктің қалайша цифрлық ортада жағымсыз із қалдыратынын түсіндіріңіз.

6.Онлайн этикеттің маңыздылығын түсіндіріңіз. Буллинг, қорлайтын, намысқа тиетін хабарламалар, өсек-аяң шынайы өмірде де мәселе туындатуы мүмкін.

7. Сыни ойлау мен медиасауаттылықты дамытуға көмектесіңіз. Фейктер мен айла-шарғыларды ажыратуды үйретіңіз.

8. Желіде кейбір адамдар фейк профильмен отыратынын хабардар етіңіз. Балаңызға сіздің рұқсатыңызсыз ешбір виртуалды танысымен кездесуге болмайтынын түсіндіріңіз.

9. Онлайндағы жеке өмір ұғымын түсіндіріңіз. Өзі туралы және басқа адамдар туралы жеке мәліметтерді жариялауға болмайтынын айтыңыз.

14+ жасар балалардың ата-анасына кеңес

АЗЫРАҚ БАҚЫЛАУ — КӨБІРЕК СЕНІМ

1. Ата-ана бақылауы бағдарламасын қолданыңыз, тек есіңізде болсын, балаңыз есейген сайын оның кұрылғыларындағы өзіңіз баптайтын параметрлерді азайтуыңызға болады.

2. Балаңызға цифрлық сауаттылықты және цифрлық тәртіпті үйретіңіз. Желідегі сексуалды алымсақтық пен кибербуллинг қаупі туралы айтып беріңіз.

3. Балаңыз қолданатын әлеуметтік желілердің нұсқаулықтарын бірге зерттеңіз. Әлеуметтік желінің алгоритмдері оның түрлі мәселелердегі көзқарасына қалай ықпал ете алатынын айтып беріңіз.

4. Балаңызға желідегі жеке деректерді, оның ішінде банк картасының деректерін, аккаунт кұпиясөздерін қорғауға көмектесіңіз. Жария етуге болмайтын мәліметтердің нақты тізімін (үйдің, мектептің, ата-анасының жұмыс орнының және басқаларының мекен-жайын) жасаңыз.

5. Балалардың көруіне тыйым салынған және жағымсыз контент туралы, оларды неліктен көруге болмайтынын айтып беріңіз. Заманауи технологиялар шынайы ақпараттан ажырата алмайтын фейктер жасай алатынын түсіндіріңіз.

6. Виртуалды достармен танысу ережелерін кұрыңыз (анонимдермен сөйлеспеу, жеке деректерді жария етпеу, ата-ананың рұқсатынсыз ешкіммен кездеспеу және басқалары)

7. Балаңыздың виртуалды және шынайы өмірі туралы сөйлесіңіз. Сенімге құрылған жаймашуақ қатынаста болыңыз. Пайдалы істерді, демалысты және ойын-сауықты мөлшерлей білуді үйретіңіз. 

Тег: балаИнтернет

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстан бюджетінің қанша пайызы сот пен полицияға жұмсалады?

Қазақстан бюджетінің қанша пайызы сот пен полицияға жұмсалады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz