Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Банктердің қазіргі саясаты қандай?

фото: pixabay.com

Банктердің қазіргі саясаты қандай?

03.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Банктердің қазіргі несие саясаты — экономиканы дамыту емес, тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу. Мұндай пікірді экономист Бауыржан Ысқақов айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Президенттің осы жолғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсыруы — өте орынды бастама. Өйткені, дәл қазіргі банктердің несие саясаты, несие қоржынының құрылымы экономиканы дамытуға емес, тұтынушылық несиені неғұрлым көп беру арқылы табыс табуға бағытталғанын ашық айтуға негіз бар. Сол үшін жалпы әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, банктер туралы арнаулы заң қабылдануы қажет. Экономикаға қандай банктік өнім тиімділік, табыс әкелсе, соның бәрін қолдауымыз керек», — дейді экономист.

Осы орайда сарапшы қаржы жүйесінде исламдық қаржыландыру деген жақсы бағыттың бар екендігіне назар аудартты.

«Оның біздегі дамуы әлі де болса кенжелеп тұр. Ал көптеген мемлекет банк туралы заңдарының арқасында осы бағытты кеңінен қолданып, экономикаға зор серпін беретіндей жағдай жасап отыр. Бұған қоса, банктерге қатысты заңның қабылдануының өзі біздегі көптеген банкке қозғалыс әкелетін сияқты. Өйткені, Мемлекет басшысы мұның алдындағы тапсырмаларының бірінде „экономиканы несиелендіруді жеделдетпейтін болса, белсенді жұмыс істей алмаса, онда шетелдік банктерді тарту қиындық туғызбайтынын“ ашық айтқан еді. Демек, бұл да — банктер үшін үлкен белгі. Сондықтан банктердің экономикаға қаржы құю мәдениетін, қағидасын арттырудың тиімді әрі төте жолы — банктер туралы арнаулы заң қабылдау. Соның нәтижесінде экономиканы белсенді несиелендіретін банк жүйесін қалыптастыруымыз қажет», — деді Бауыржан Ысқақов.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында банктер туралы жаңа заң қажет екенін айтқан еді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
Тег: банкнесиетұтынушылық несие

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстан ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан қанша теңге пайда тапқан?

Қазақстан ескірген қару-жарақ пен әскери техника сатудан қанша теңге пайда тапқан?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz