Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бейбіт Қорған “некесіз баласына” қатысты ДНҚ сараптамасынан өтті

фото: коллаж

Бейбіт Қорған “некесіз баласына” қатысты ДНҚ сараптамасынан өтті

08.02.2024
Жаңалықтар
549
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Танымал әнші Бейбіт Қорғаннан ұлым бар” деген атыраулық келіншектің хикаясы ел аузынан кете қоймаған секілді. Әртіс ДНҚ тапсырып та, пікір білдіріп те үлгерді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап.

Эстрада жұлдызы Атырау қаласына барып, қалалық емханалардың бірінде ДНҚ сынамасын тапсырды. Алайда бетін бүркеп, түрін тұмшалап келген. Кейін жеке парақшасында жазба жариялады. Көп уақыт өтпей онысын өшіріп тастады.

“Мұндай жағдайда бұл мәселелерді тек сот қана шеше алады. Ешкім сотқа шағым түсірмеген. Сотпен дәлелдесін”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ оқиға басталғалы әнші оқырман саны артып, қаралымы көбейгенін айтып, мақтанды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Құрметті ағайын! Бос әңгімелерге көңіл бөлетін уақыт жоқ. Шаруа бастан асады. Екінің бірі ондай әңгіме айта беретін болса, не қалады?!. Бәрі заңды түрде шешілсін! Дәлелдесін! Қолдап жатқан достарыма рақмет! Осы оқиға басталғалы қаралым көбейіп, жазылушылар саны артты. Нағыз қара пиар болды”, – деп күлді өнер иесі.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Жеңіс Ысқақова, Абай Бегей, Серікбол Сайлаубек секілді өнер иелері әншінің басына түскен сынақ дейді.

“Бейбіт оны зорламаған шығар. Ол өз еркімен қойнына кірді. Өз еркімен, дұрыс па?!. Оның отбасы барын біле тұра, әртіс екенін біле тұра сондай қадамға барды. Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болар еді. Неге Бейбіттің отбасы мен балаларын ойламады екен?! Балаларының тағдыры не болады?!. Бір отбасының ажырауына себепкер болып отыр”, – деп күйінді Жеңіс Ысқақова.

Бейбіт Қорғанмен отбасылық достар болып араласатын журналист Қазбек Қасым өнер иесіне хабарласып істің ақ-қарасын сұраған көрінеді.

“Егер оның баласы екені расталса көмектесер еді. Далада жатқан бала жоқ. ДНҚ сараптамасы қалай болады, сол бойынша әрекет еткен дұрыс. Мен досымнан да сұрап көрдім. “Жоқ” деп сенімді айтып отыр. Оны өзі де білмеуі мүмкін”, – дейді журналист.

Ал Абай Бегей 4-5 жыл бұрын өтіп кеткен оқиғаны неге қозғап отырған деп бейтаныс келіншекке шағымын айтты.

“4-5 жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой. Анық-қанығын білу керек. Ол кезде қасында болған жоқпыз. Негізі қыз-келіншектер айналамдағы жігіттерден ақша сұрап, хабарласатындар бар екен. Соны да естігенмін. Егер баласы екені расталып жатса алиментін төлеп, әкелік жауапкершілікті арқалау керек. Бірақ Бейбіт ондай бала емес. Танымал болғасын ілініп тұр деп ойлаймын”, – дейді Абай Бегей.

Тег: балаБейбіт Қорғаннекешоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
“Далаға шыға алмаймын”: 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі халімен бөлісті

"Далаға шыға алмаймын": 94 жастағы Бибігүл Төлегенова қазіргі халімен бөлісті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz