Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бір адам иелік ете алатын жердің шекті көлемі қандай болады?

фото: checherskivestnik.by

Бір адам иелік ете алатын жердің шекті көлемі қандай болады?

31.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының бір адам иелік ете алатын жер көлемінің шекті мөлшеріне қатысты сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«2022 жылдың 8 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жер учаскелерінің шекті мөлшерін анықтау үшін сарапшылар мен ғылыми институттардың қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырған болатын. Жұмыс тобына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, „Атамекен“ ҰКП-ның өкілдері, зерттеу институттарының, ғылыми-өндірістік орталықтардың өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары, қоғам қайраткерлері кірді. Жұмыс тобы жұмысының қорытындысында, сонымен қатар Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының есептеулері негізінде ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшері бойынша ұсыныс әзірленді. Онда жер көлемі жергілікті жағдайға және ерекшеліктерге байланысты заңды тұлғаларға 51 мың гектардан, ал шаруа қожалықтарына 35 мың гектардан аспайды», — деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Дегенмен Премьер-Министрдің сөзінше, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің мұндай мөлшерін қайта қарауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қорғау және пайдалану мәселесі облыс әкімдіктерінің қатысуымен үкіметтік жұмыс комиссиясының отырысында тұрақты түрде қаралады. Комиссия мақсаты — ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру, сондай-ақ жерді ашық әрі әділ бөлу арқылы одан ары ауыл шаруашылығы айналымына енгізу. Ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшерін қайта қарау мәселесі аталған комиссия аясында қарастырылады», — деді Олжас Бектенов.

Тег: жер телімі

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Ақылы жолдардағы абонементтердің бағасы мен оны алу жолдары қандай?

Ақылы жолдардағы абонементтердің бағасы мен оны алу жолдары қандай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz