Танымал әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде күйеуімен ұрысып қалғанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Әртістің тұрмысқа шыққанына 3 жыл болды. Теодор есімді ұлы бар.
“Бүгін психолог қабылдауында болдым. Одан шығып көп жыладым. Жан дүнием жылап тұр. Себебі, күйеуім екеуіміз бір-бірімізді түсінбейміз. Отбасылық өмір дегеніміз – өзара байланысты жоғалтпау, сөйлесе білу және келісімге келу. Бірақ біздің отбасында бұл орындалмайды. Өкінішті. Жанжал кезінде мен айқайлап, сабырға келе алмай қаламын. Меніңше, ол мені естімейді. Күйеуімен шаңырақ көтеріп, жар және ана атанғаныммен, мен әйел екенімді ұмытпадым. Алайда мұны ер азаматтар ұмытып кететін секілді. Қалауымды құнсыздандыруы мен елемеуі және уайым мен қорқыныш менің өкпелеуіммен, ашылып әңгімелескім келмеуімен аяқталады. Бәрінің мағынасы қалмаған сияқты”, – деп жазды әнші.
Бұған қоса қиын сәтте қолдаған оқырмандарына алғыс айтты.