Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Әлеуметтік желіде ер адамның бір баланы бетінен тартып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқан сәті түскен видео тарады.
Оқиға “Эдем палас 2” тұрғын үй кешенінде болған. Бұл жайттан кейін балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды.
“Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр”, – деді Астана қаласының полиция департаменті.
Бұған дейін Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге таралып кетті.