Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бірыңғай уақыт белдеуінің адамға әсері қалай зерттеледі?

фото: pixabay.com

Бірыңғай уақыт белдеуінің адамға әсері қалай зерттеледі?

17.12.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сағаттың артқа жылжуы адамға қалай әсер етеді? Бұл мәселе зерттелетіні белгілі. Ғылым және жоғары білім министрлігі зерттеу алгоритмін түсіндірді.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның 37-бабына сәйкес, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінеді және ол конкурс негізінде жүзеге асырылады. «Ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру, ғылыми ұйымдарды қаржыландыру ережелерінің» 45-тармағына сәйкес, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында ғылыми-техникалық тапсырмалар құзыретті мемлекеттік орган немесе салалық құзыретті орган тарапынан ғалымдар, ҒҒК мүшелері, ғылым саласындағы мамандар, мемлекеттік орган өкілдері, салалық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған жұмыс тобы тарапынан әзірленеді. 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру конкурсы бойынша ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша Ғылым комитеті жұмыс тобын құрды. Оның құрамына әртүрлі салалар мен салалық мемлекеттік органдар өкілдері, соның ішінде «Өмір және денсаулық ғылымы» басымдығы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері кірді», – делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомствоның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-техникалық міндеттерді, оның ішінде уақытты ауыстыру мәселесін ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, бірнеше облыстың тұрғындарынан уақыт белдеуіне қатысты шағымдар көбірек түскен.

«Осыған байланысты ДСМ уақытты біріздендіруге байланысты психикалық және физикалық денсаулыққа әсерін зерттеу үшін деректер базасын ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми-техникалық тапсырма әзірлеп, жолдады. Бұл ғылыми зерттеудің салалық мемлекеттік орган үшін маңыздылығын ескере отырып, ұсыныстар жұмыс тобымен қаралып, түзетілді және ҚР Үкіметінің Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының (ЖҒТК) қарауына ұсынылып, 2025-2027 жылдарға арналған «Өмір және денсаулық ғылымы» басымдығы бойынша мақұлданды. Айта кету керек, ЖҒТК құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі бар және бұл мәселе аталған мемлекеттік орган тарапынан қолдау тапты. Өз кезегінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖҒТК мақұлдаған ғылыми-техникалық тапсырмалар бойынша конкурс құжаттамасын әзірлеп, бекітеді әрі 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша конкурс жариялайды. Бұл іс-шаралар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бекітілген қаражат аясында жүзеге асырылады», – деп көрсетілген министрлік ақпаратында.

Конкурсқа ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын аккредиттелген ұйымдар, сондай-ақ білім беру саласындағы автономды ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа өтінім беру кезінде өтінім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес зерттеулерді жүзеге асыру кезеңін және қаржыландыру көлемін дербес анықтайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

– Осыған қоса, қаржыландыру ережелерінің 42-тармағына сәйкес, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың жүзеге асырылу кезеңі аяқталғаннан кейін, Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы өз сайтында жобалар туралы ақпаратты жариялайды, бұл 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады, – деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Осы жылдың қараша айында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері зерттелетіні белгілі болды. Уақыт белдеуін зерттеуге шамамен 160 миллион теңге жұмсалады. Жақында Amanat мүшелері уақыт белдеуі бойынша зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды.

Тег: Бірыңғай уақыт белдеуіҒылым және жоғары білім министрлігізерттеу

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанның қай жолдарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады?

Қазақстанның қай жолдарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz