Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бишімбаевтің ісі: Танымал заңгер Тоқаевтан Назарбаевтың жарлығын жоюды сұрады

фото: ашық дереккөз

Бишімбаевтің ісі: Танымал заңгер Тоқаевтан Назарбаевтың жарлығын жоюды сұрады

14.11.2023
Жаңалықтар
138
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал заңгер Анна Чернова Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты президентке үндеу жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Заңгер Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында Бишімбаевқа кешірім беру туралы президент жарлығының күшін жоюды сұрап жазба жариялады.

“Сот оны кінәлі деп тауып, 10 жылға сотталды. Артынша Бишімбаев кешірім сұрады. Президент оның өтінішін қанағаттандырып, жазасын 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартып, кешірім жасау туралы Жарлық шығарды. Содан кейін сот оны шартты түрде бостандыққа жіберді. Енді осы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырайық. Президенттің кешірім жасау туралы жарлығы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде шығарылады. Бұл комиссия алдымен сотталған адамның өтінішін қарайды, өз шешімін шығарады, содан кейін ғана президенттің өзі кешірім жасау туралы өтінішті қарайды. Комиссия оң шешім қабылдауы үшін бекітілген белгілі бір ережелер мен шарттар бар. Бір өтініш жеткіліксіз. Тиісті құжаттар тізімі де бар. Біз қандай құжат қажеттігін білмейміз”, – дейді заңгер.

Адвокаттың сөзінше, президенттің жарлығын тек президент жоя алады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Енді қоғамды әбден алаңдататын басты сұрақ: “Президент жарлығының күшін жоюға бола ма?”. Құқықтық актілерді зерделей келе, президент жарлығының күшін президенттің өзі жоя алады деген қорытынды шығардық.

“Қазақстан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заңға сәйкес, 24-бапта Республика президентінің жарлықтарының күшін жою Республика президентінің жарлықтарымен жүзеге асырылады деп көрсетілген. Егер Бишімбаев 2028 жылға дейін түрмеде отырса, онда бұл қайғылы оқиға болмас еді. Осыған орай, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы @tokayev_online, сізден, Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы Қ.Бишімбаевқа кешірім жасау туралы жарлығының күшін жоюды қарастыруыңызды сұраймын”, – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған. Бүгінде марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде.

Тег: Қуандық БишімбаевҚылмыскерСалтанат Нүкеновасот

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Бүгін Болат Назарбаевтың денесі жер қойнына тапсырылды

Бүгін Болат Назарбаевтың денесі жер қойнына тапсырылды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz