Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Биыл қандай ірі жолдар қолданысқа беріледі?

фото: pixabay.com

Биыл қандай ірі жолдар қолданысқа беріледі?

09.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жол жөндеу қаражатын игеру қарқыны төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Президент 2025 жылдың соңына қарай республикалық жолдардың барлығын нормативтік жағдайға келтіруді тапсырған еді. Қазір күре жолдарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүруде. Биыл бірқатар ірі жобалар – «Қарағанды – Алматы», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» және «Талдықорған – Өскемен» жобалары аяқталуға тиіс. Сондай-ақ республиканың шамамен 2,5 мың шақырым жолында жөндеу жұмыстары қолға алынды», – деді О. Бектенов Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, өзекті проблеманың бірі – қаржыландыру. Кей өңірлерде жалпы сипаттағы трансферттерді игеру қарқыны төмен. Мысалы, мұндай проблемалар Ақтөбе, Түркістан және Ұлытау облыстарында бар.

«Тағы бір мәселе – жобаларды іске асыру мерзімдерінің мүлтіксіз сақталуы. Бұл әсіресе, солтүстік және шығыс өңірлер үшін маңызды. Өйткені онда құрылыс маусымы қысқа. Сондықтан қарқынды төмендетпеу үшін қажетті шаралардың барлығын дер кезінде қабылдау керек», – деді Үкімет басшысы.

Қазіргі таңда жаңа автожол жобаларын бастау үшін 550 учаскені алу қажет. Олардың ішінде «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» бар.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Осыған орай өңір әкімдіктеріне 2030 жылға дейін жоспарланған барлық жаңа автожол құрылысы жобаларының бойындағы жер учаскелерін алуды және резервке қоюды қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Премьер.

Тег: автокөлікжол

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жол-көлік саласында жетіспейтін техника саны қанша?

Жол-көлік саласында жетіспейтін техника саны қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz