Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Боранда жолға шыққан жүргізушілерге қандай шара қолданылады?

фото: pixabay.com

Боранда жолға шыққан жүргізушілерге қандай шара қолданылады?

26.12.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
30
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ауа райының қолайсыздығы туралы ескертуге қарамастан, жолға шығып, боранға кептеліп қалғандар үшін қандай шаралар қабылданады? Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова айтып берді.

Маманның айтуынша, ауа райы жағдайы туралы шешімді жол иесі төтенше жағдайлар және ішкі істер министрліктерімен бірлесіп қабылдайды.

– Яғни республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардың иесі – «Қазавтожол» компаниясы. Оның қарамағында 107 республикалық маңызы бар жол бар, 17 ақылы учаске бар. Ескерту хабарламасы келді ме, келмеді ме, адам естіді ме маңызды емес, мемлекеттік органның басты мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайда қалып қойған азаматтарға көмектесу, – деп түсіндірді А.Боранова.

Бұл ретте, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша қудалау (құқықтық тәртіпке бағынбау немесе құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің талабына бағынбау, құқықтық қызметке кедергі жасау) жолды бөгеу кезінде құзыретті органдармен төбелесіп қалған жағдайда ғана қолданылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025
Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

– Негізі жолды жабу туралы шешім Көлік министрлігінің 492-бұйрығымен қабылданады. Содан кейін осы талаптарды бұзғаны үшін деп 667-баппен іс қозғалады. Бұл бапты қарау соттың құызретінде болады, яғни айыпты 15 тәулікке қамауға алынады, немесе 30 АЕК айыппұл төлейді. Дегенмен бұл жерде басты мақсат – профилактикалық жұмыстар. Биыл әзірге ешкім жауапқа тартылған жоқ, – деді спикер.

Жол боран соғып тұрған жерде емес, айналма жол бар жерден шағын 10-20 шақырым қашықтықта жабылады.

– Кей жүргізушілер «алдымыз ашық, боран жоқ, жолды неге жаптыңдар?» деп ренжиді. Жиырма шақырымнан кейін жолда не боп жатқанын білмейді. Ол жерде айналма жол болмағандықтан, оларды құтқару мүмкіндігі де шектеулі болады, – дейді Айнұр Боранова.

Тег: боранІІМ

Ұқсас материалдар

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025

Елімізде мал бағып, шаруашылықпен айналысу үшін қомақты қаржы керек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Баға рейтингін жасау кезінде сиыр, ешкі, қой...

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер тапшылығы мәселесін шешу бағытында қандай тетіктер іске асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. - Кадрлар...

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

08.05.2025

2024 жылы 1 млн-нан астам Қазақстан азаматы шетелге саяхаттаған. Бұл туралы Туристік қамқор қорының директоры Асылхан Есілов айтты, деп хабарлайды...

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. — Қазақстан Республикасының заңнамасына...

Келесі
Алматыда құрылысқа қатысты қандай қатаң шектеулер енгізілді?

Алматыда құрылысқа қатысты қандай қатаң шектеулер енгізілді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz