Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
ChatGPT енді қазақша сөйлей алады

фото: iStock

ChatGPT енді қазақша сөйлей алады

27.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жасанды интеллект ҒЗИ ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогін әзірлеп шығарды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

ChatGPT – америкалық коммерциялық емес OpenAl компаниясының нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат алмасуға мүмкіндік бар. Кез келген сұрақ қойып, тапсырма да бере аласыз. Сәйкесінше, соңғы уақытта бұл желіге тұрғындардың сұранысы арта бастады.

Қазақ тіліндегі нұсқаның шығуы уақыт еншісіндегі мәселе еді. Мұны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері небары 5 айдың ішінде сәтті жүзеге асыра білді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

– Біз қазақ тілінде тұңғыш ірі LLM тіл үлгісін жасадық. Жүйе нейрондық желі негізінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді түсінуге және өз біліміне сәйкес жауап беруге қабілетті. Біздің ChatGPT прототипіміз қазақ тілінің ережелерін түсінеді, әріптер мен буындар, сөздер мен сөйлемдер арасындағы барлық тізбектерді есте сақтайды. Яғни, қазақ тілінің барлық морфологиялық және синтаксистік ережелерін меңгерген, – дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жасанды интеллект» ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаев.

Жаңа жүйе, әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында зор сұранысқа ие болады деп күтілуде.

– Мектеп оқушылары емтиханға дайындалу кезінде тесттегі кейбір ақпаратты, мәселен, математика теңдеуі немесе химиядағы терминді түсінбеді делік. Өздері нақтылағысы келеді, бірақ олардың қасында мұғалім болмайды. Сондай кезде балалар жүйеге сұрақ қойып, өте тез және қысқа жауап алады. Бұл технологияны жалпы білім беретін курстарды жиі оқитын бастапқы курстардың студенттері үшін де пайдалануға болады, – дейді Ә.Барлыбаев.

Ғалымдар жаңа жасанды интеллект жүйесіне патент алып үлгерген. Әзірге қазақстандықтар чат-боттың көмегіне жүгіне алмайды. Жүйе толыққанды қызмет көрсету үшін шетелден суперкомпьютерлер сатып алынбақ.

– «Бұл жүйені қазақстандықтар арасында қалай танымал қыламыз?» деген сауалға жауап іздедік. Ақыры eGov порталына орналастыру тиімді болатынына көз жеткіздік. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жыл соңына дейін іске қосамыз деген жоспарымыз бар. Жүйе портал қолданушыларына қажетті ақпараттарды жедел сараптап, құжаттарын реттеуге мүмкіндік береді, – дейді Ә.Барлыбаев.

Қазақ тіліндегі жаңа жасанды интеллект жүйесін ғалымдар – Әлібек Барлыбаев пен Әсел Мұқанова әзірлегенін атап өткен жөн. Бүгінде жобаның техникалық және серверлік мүмкіндіктерін нығайту жұмыстары жалғасуда.

Тег: ChatGPTқазақ тілі

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
255 мың теңгеден асса тексеріс жүруі мүмкін

255 мың теңгеден асса тексеріс жүруі мүмкін

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz