Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Денесін қайнаған суға күйдірген”: Алматы облысында кішкентай қыз зәбір көргенін айтты (видео)

фото: iStock

“Денесін қайнаған суға күйдірген”: Алматы облысында кішкентай қыз зәбір көргенін айтты (видео)

08.01.2024
Жаңалықтар
147
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әлеуметтік желіде асыраушысынан зәбір көрдім деген қыз баланың видеосы тарауда, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Kris_p_issyk Instagram-паблигінде кішкентай қыз асыраушысы ұрып-соққанын және басқа да зорлықтың түрін көрсеткенін мәлімдеген видео жарияланды.

“Дереккөздің әңгімесіне қарағанда, баланың денесін қайнаған сумен күйдірген, ұрып-соққан, құлағынан тартқан, содан денесінде көгерген іздер қалған. Жағдай шок туғызады, баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті органдар жедел араласуы қажет”, – делінген жарияланымда.

Сонымен қатар қызды өңірдегі ауылдардың бірінде мұғалім болып жұмыс істейтін адам асырап алғаны айтылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрған, ол алғаш рет қашып кеткенінде танысы ұстап, мұғалімнің үйіне қайтарған, бұл қылығы үшін оны тағы ұрып-соққан, екінші мәрте қашқанында да мұғалім оны ұстап алған”, – делінген жарияланымда.

Видеоға қатысты жазылған пікірлер арасында ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның жауабы да бар. Ол қыз ауруханада жатқанын хабарлады.

“Еңбекшіқазақ ауданында қыздың қамқоршысы тарапынан азаптау фактісіне қатысты. Қыз ауруханада жатыр. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі қамқоршылықтан айыру шаралары қабылданады”, – деді ол.

Балалар омбудсмені бұл іс өзінің жеке бақылауында екеніне сендірді.

Тег: Алматы облысыполицияТұрмыстық зорлық-зомбылық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Ажыраспаудың амалын жасадым”: Жахан Отарғалиев өмірінде болған жайтқа өкінетінін айтты

"Ажыраспаудың амалын жасадым": Жахан Отарғалиев өмірінде болған жайтқа өкінетінін айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz