Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Депутат Әли Бектаев Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

фото: ашық дереккөз

Депутат Әли Бектаев Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды

18.01.2024
Жаңалықтар
21
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сенат депутаты Әли Бектаев Палатаның жалпы отырысында қазақстандықтарға Жаңа жылдың орнына Наурызды тойлауды ұсынды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Әли Бектаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында Жаңа жыл мейрамы жөнінде мәселе көтерді.

“Жаңа жылды қарсы алу жылдан-жылға күрделеніп, жай отбасылық мерекеден ауқымды материалдық шараға айналып бара жатқаны жасырын емес.

Үлкен қалаларда, облыс, аудан орталықтарында орнатылған алып шыршалар, мұз қалашықтары, отшашулар мемлекет қазынасына салмақ түсіріп, тұрғын үй кешендерінде атылып жатқан перотехникалар қуаттылығы жағынан адамға үрей тудырып, материалдық зақымдар келтіруде.

Жаңажылдық сыйлық іздеп сабылып жүрген адамдардан сауда орталықтарында аяқ алып жүре алмайсың. Ал бағасы шарықтаған балалар ойыншықтарының басым көбі шет елден келетіні, шет елдің дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін, тілін, ділін, дінін насихаттайтындығын да жақсы білеміз”, – деді сенатор.

Депутат жаңажылдық шараларға ысырапшылдық басым болып бара жатқанын атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Тәуелсіз Қазақстанда Жаңа жылды атап өтудің ерекше идиологиялық, әлеуметтік негізін қалыптастыратын уақыт келді. Елімізде 3 мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамы терең дәстүрге енуі қажет. Қазақстан үшін бұл мереке ерекше маңызға ие. Халқымызда “Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, жыл басы, күн мен түннің теңелген күні” деп айтылады. Дәл осы күндері бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызып, әркім өз ауласы мен үй-жайын тазалаған. Егіске шығып егін егіп, малмен айналысатындар төл алуға кірісіп Жыл басы қайнаған еңбекке ұласқан, – деді ол.

Сенатор мемлекетімізде балабақшадан бастап барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында, әр отбасында Наурыз мерекесін дәріптейтін дәстүрге енгізуге мұрындық болатын, әр азаматтың санасына сіңдіре білетін жалпыұлттық концепция қабылдау керек деп есептейтінін айтты.

Депутаттың сөзінше, Наурыздың тарихын, рухани құндылығын, оның әр дәстүрінің символикалық мәнін, ізгі амалдарының тәрбиелік мағынасын, татулық пен бірліктің негізін зерттейтін, қалың бұқараға жеткізетін ғылыми орталық қалыптасуы қажет.

Тег: депутатжаңа жылнаурыз мейрамы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Ақтөбе облысының балабақшасында қарда жалаңаяқ жүгірген бүлдіршіндер тұрғындарды шошытты (видео)

Ақтөбе облысының балабақшасында қарда жалаңаяқ жүгірген бүлдіршіндер тұрғындарды шошытты (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz