Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Екі рет өлім аузынан қалды”: Әли Оқапов анасына қастандық жасалғанын айтты

фото: ашық дереккөз

“Екі рет өлім аузынан қалды”: Әли Оқапов анасына қастандық жасалғанын айтты

12.12.2023
Жаңалықтар
429
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші, композитор Әли Оқапов анасы, халық әртісі Роза Рымбаева туралы фильм түсіруге кірісті. Әншінің өмір жолынан сыр шертетін туындыда екі рет қастандық құрбаны бола жаздаған сәті де көрсетіледі, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әли Оқапов фильм түсіруді осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Бірақ қиындықтар туып жатқан көрінеді.

“Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол “Роза” атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болсам да, жыл сайын ұсынамын”, – деді ол.

Сонымен қатар халық әртісінің кейбір әріптестері де фильмді жарыққа шығаруға қарсы болып отырған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Менімен келіспейтін адам көп. Осы киноға қарсы шыққан жандар да бар. Ең қызығы анамның сахналас әріптестері мен өнер майталмандары да бар. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын”, – дейді Әли Оқапов.

Бұған қоса әнші анасына жасалған қастандықтың артында кім тұрғанын әлі күнге дейін біле алмай келеді. Оның айтуынша, өнер жұлдызы екі рет өлім аузынан аман қалған көрінеді.

“Екі рет анамыз өліп қала жаздаған. Оны көбі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамы анық көрсетіледі. Әр көрініс анамның өмірінен алынған”, – дейді әнші.

Тег: Әли ОқаповРоза Рымбаевафильмшоу бизнес

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Бизнес субъектілерінің салықтық есебін 30 пайызға азайту жоспарлануда – Тоқаев

Бизнес субъектілерінің салықтық есебін 30 пайызға азайту жоспарлануда - Тоқаев

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz