Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамау мерзімі екі айға, 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
“Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция шығарды”, – деп хабарлады Астана соты.
Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейтіні хабарланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын еді.
23 қазанда Антикор ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады.
Кейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы Марат Бекетаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.
Марат Бекетаев Әділет министрлігін 2016 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін басқарған.