Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде бюджеттің ашықтығына не бөгет?

фото: pixabay.com

Елімізде бюджеттің ашықтығына не бөгет?

07.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде бюджеттің ашықтығы бойынша халықаралық бюджеттік серіктестігі зерттеу жүргізген. Бюджеттің ашықтығын бағалау бойынша Қазақстан 100 балдан 63 бал жинаған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бюджетті талқылауға халықтың қатысуы бойынша 100-ден 11 балл, ал бюджетті қадағалау бойынша 100-ден 61 балл берілген.

Мемлекет бюджеті ашықтығы туралы толығырақ Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі, «Сандж» зерттеу орталығының негізін қалаушы, халықаралық бюджеттік серіктестіктің зерттеушісі Жанар Жандосова тарқатып берді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

«Соңғы 15 жылда Қазақстан бюджеттің ашықтығын бағалауда 38-ден 63 балға көтерілді (2021 жыл). 2023 жылға арналған бюджеттің ашықтық индексі айтарлықтай жоғары, ал көрші елдермен салыстырып қарасақ, Грузия – 87, Әзірбайжан – 67, Ресей – 66, Түркия – 64. Бұл тұралауының себебі неде?», – деді Жанар Жандосова баспасөз клубы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан әрі, зерттеуші тұралаудың себептерін атады. Бірінші себеп, Қазақстан бюджеттегі шығыс пен кірістер туралы тарихи деректерді ұсынбайды, алайда олар бар.

«Бюджет жобасы өткен және келесі жылдардың бюджетін салыстыруға, бюджетті жоспарлау мен орындаудағы болар қателерді көруге мүмкіндік бермейді. Өкінішке қарай, бюджет жобасында мемлекеттік қарыз бен оған пайыздық мөлшерлеменің қалай өсіп жатқаны туралы деректер де жоқ. Өткен 2 жылдың деректерін жариялау қателіктерден аулақ болуға және сабақ алуға мүмкіндік береді. Халықаралық фискалдық серіктестіктің бюджеттің ашықтығын бағалауда Халықаралық валюта қорының әдістемесіне негізделген тарихи деректерді қосуды талап ететіні де сондықтан. Біздің жағдайда өткен жылдардың тарихи деректері болса индексті 9 балға арттырар еді», – дейді ол.

Оның сөзінше, бюджет жобасында экономикалық жіктеу жоқ.

«Оның функционалдық және басқару жүйесінен айырмашылығы, ол жалақы мен сыйақылар, тауарлар мен қызметтер, трансферттер немесе комиссиялық төлемдер мен іссапар шығындары туралы ақпарат береді. Оның болмауы мұндай санаттар бойынша шығыстарды жоспарлаудың жоқтығын және олар бойынша бюджеттің асып кетуіне мониторинг жүргізілмейтінін көрсетеді. Одан бөлек, бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар бойынша өткен жылдары нөлдік балл байқалады. Қорлардың жұмысы ашық емес, атап айтқанда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сеніп тапсырылған активтерді қайтаруға, қаржылық басқаруға байланысты қаражат бойынша», – деді Ж. Жандосова.

Сонымен қатар, сарапшы бюджетте актуарлық есептеулер (мысалы, демографиялық жағдайдың 10-15 жылдан кейін бюджет ауыртпалығына қалай әсер ететіні), салық шегерімдері, экологиялық және басқа да айыппұлдар сияқты мақсатты кірістерді бағалау бойынша деректердің жоқтығын айтып отыр.

«Рейтингіде еліміздің тұралап қалуына тағы бір себеп бюджетті талқылаудан қоғамның тыс қалуы, әсіресе оны жоспарлау және азаматтық қоғам ұсынымдарын пайдалану кезінде. Қаржы министрлігі бюджет жобасы, бекітілген бюджет, жартыжылдық шолу және жылдық есеп туралы ақпаратты азаматтық бюджет ретінде жариялауға міндетті. Есептерді бағалауға ғана емес, бюджетті әзірлеуге жұртшылықты тарту тетіктерін іске қосу қажет. Парламент бюджет жобасын және аудиторлық есепті тыңдау кезінде азаматтық қоғамды тартуы керек. Бұл олқылықтарды түзету жоспарлаудың сапасы мен бюджеттің орындалу тиімділігін арттырады және бюджеттің ашықтық индексінің 80 балға, ал халық қатысуының 40 балға дейін көтерілуіне де әсер етеді», – деп түйіндеді Жанар Жандосова.

Тег: бюджет

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстанда құжат сақтайтын қанша архив бар?

Қазақстанда құжат сақтайтын қанша архив бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz