Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қанша шетелдік ЖОО филиалдары бар?

фото: pixabay.com

Елімізде қанша шетелдік ЖОО филиалдары бар?

16.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова елімізде 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатқанын айтты. Ал, 8 шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату мәселесі пысықталып жатқан көрінеді. Бұл филиалдар жастарға, оның ішінде ауыл жастарына, халықаралық стандарттарға сай жоғары білім алуға мүмкіндік бермек.

Оның сөзінше, Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар білім алып жатыр. Биыл мұнда РФ Тула облысынан алғашқы студент оқуға түскен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда. Сондай-ақ, Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс істеп жатыр. Бұл филиалдар биыл 3-рет қабылдауды жүзеге асырып келеді. 2023 жылдан бастап Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің филиалы және Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп, Жасанды ителллект жоғары мектебі ашылды», – деді Гүлзат Көбенова.

Айта кетейік, биылдан бастап Сәтбаев университетінде әлемнің жүздігіне кіретін Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасы жүзеге аса бастады. Жақында ғана Қытай және Қазақстанның президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті де жұмысын жалғастыруда.

Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің, Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының филиалдары жұмыстарын бастағанын атап өткен жөн.

Тег: ЖООфилиал

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Биыл шығармашылық сала студенттеріне қанша грант бөлінеді?

Биыл шығармашылық сала студенттеріне қанша грант бөлінеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz