Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Өзбекстанда бетін жасыратын киім кигені үшін айыппұл салынбақ

фото: ашық дереккөз

Елімізде қоғамдық жерлерде бетті толық жауып тұратын киім киюге тыйым салу қарастырылуда

08.11.2023
Жаңалықтар
41
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан заңнамасында ниқабқа тыйым салатын норманың жоқтығын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Министр ниқаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша ендігіде бетін бүркеп алатындарға талап күшейеді.

“Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеген. Бетін тұмшалайтындар туралы біз енді қарайтын боламыз. Өйткені депутаттар осыны сауал ретінде жолдады. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқанмын. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, ниқабтарға тыйым салған дұрыс”, – деді Аида Балаева.

Бұл мәселеге қатысты премьер-министр Әлихан Смайылов жазбаша жауап берді. Ол аталған мәселелер үкіметтің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Үкімет діни қызмет саласындағы заңнаманы, атап айтқанда “деструктивті діни ағым” және “діни радикализм” ұғымдарын енгізу; деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын заңнамалық қамтамасыз ету; діни әдебиеттерді, ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды таратуға мүмкіндік беретін субъектілердің тізбесін әзірлеу; интернет-ресурстар; қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын киюге шектеулер енгізу және т. б. жетілдіру бойынша жұмыс атқарылуда. Аталған түзетулерді талқылау және келісілген шешім әзірлеу мақсатында ҚМДБ-мен, теологтармен, сарапшылар қауымдастығы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен отырыстар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіліп жатыр”, –  делінген Смайылов жауабында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аида Балаева Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді.

Сондай-ақ министр ел ішінде талқыға түскен хиджаб мәселесіне қатысты сұраққа жауап беріп, кейбір діни киімдерге ғана шектеу қойылатынын мәлімдеген. Бірақ бұл қадамның хиджабқа мүлдем қатысы жоқ.

Тег: Аида БалаеваӘлихан СмайыловБасты жаңалықтарниқабхиджаб

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Мен ештеңе сұраған да, білген де жоқпын”: Рымбаеваның ұлы барлық наградаларынан бас тартты (видео)

Әли Оқапов "Құрмет" орденінен бас тартпайтын болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz