2024 жылдың қаңтар айында 571,6 мың көпбалалы отбасыға 38,1 млрд теңге жәрдемақы берілді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бала санына қарай төлем мөлшері:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (59 183 теңге);
- 5 балаға – 20,04 АЕК (73 988 теңге)
- 6 балаға – 24,05 АЕК (88 793 теңге);
- 7 балаға – 28,06 АЕК (103 598);
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК (14 768) теңге төленеді.
Биыл көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.