Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде несие беру ережелері өзгереді: нені білу қажет?

фото: ашық дереккөз

Елімізде несие беру ережелері өзгереді: нені білу қажет?

10.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тиісті ведомство депутаттармен бірлесіп, еліміздегі несие беру ережелеріне үлкен өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын дайындады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтар несие ала алатын жаңа ережелер тізімін дайындады.

“Проблемалық несиелері бар азаматтардың борыштық жүктемесін азайту үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарының 90 күннен аса мерзімі өткен несиелері болса, азаматтарға несие беруге тыйым салынып жатыр.

Сонымен қатар, банктер мен микроқаржылық ұйымдардың барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық несиелері бойынша 90 күн кешіктірілгеннен кейін сыйақы алуға тыйым салу енгізіліп жатыр”.

Сонымен қатар, жаңа ережеде жеке несиені коллекторлық агенттіктерге мерзімі өткен күннен бастап 24 ай өткенге дейін сатуға шектеу енгізіледі. Қарыз алушыға айыппұл, өсімпұл және комиссияларды толық жоюды қоса алғанда, қарызды өтеу мүмкіндігі беріледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Түзетулер тұтынушылық несиенің заңнамалық тұжырымдамасын енгізуді ұсынады. Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең жоғары мөлшерден асатын азаматтарға тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салынады (банктер үшін – 5 миллион теңге, микроқаржы ұйымдары үшін – 3 миллион теңге).

“Азаматтар арасындағы қарыздың ең жоғары деңгейі онлайн-микрокредиттеу секторында байқалатынын ескере отырып, 50 АЕК дейінгі сомамен 45 күнге дейінгі мерзімге микрокредиттің ерекше түрін жою, сондай-ақ барлық микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады”.

Банк омбудсмені және төлемді кейінге қалдыру

Сонымен қатар, банк омбудсменінің азаматтардың барлық несиесіне қатысты дауларды қарау жөніндегі өкілетін кеңейту және микроқаржы омбудсменін құру қарастырылған. Омбудсмендердің шешімдері банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық ұйымдар үшін міндетті болады.

Мiндеттi әскери қызметке шақырылған азаматтарды қолдау үшiн сыйақы есептелмей, банк несиелерi мен микрокредиттер бойынша автоматты түрде кейiнге қалдыру қарастырылған.

Жалғыз тұрғын үйден шығару

“Атқарушылық іс жүргізуге келетін болсақ, мұнда кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз тұрғын үйден шығаруға тыйым салу, сондай-ақ қарыз алушының банк шотында сақталатын ақша сомасын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1-ден 2 есеге дейін (87 мың теңге) ұлғайту енгізіледі. Бұдан басқа, банктерге Халықтың әлеуметтік осал топтары жататын бұрынғы меншік иелеріне балансқа өткен тұрғын үйді жалға беру құқығы беріледі”.

Банкроттық рәсімін оңайлату

Азаматтардың банкроттық рәсіміне қолжетімділігін жеңілдету үшін заң жобасы борышкерге мерзімі өткен берешекті өтеуді растайтын құжатты ұсыну талабын алып тастайды, сондай-ақ есеп айырысу және өндіріп алу рәсімін жүргізу мерзімін 18 айдан 12 айға дейін қысқартады.

Алаяқтармен күрес

“Кредиттер бойынша алаяқтықты азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей электрон банк қарыздар мен онлайн-микрокредиттер беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, алаяқтық кредиттерді бір мезгілде ресімдеуге жол бермеу үшін банктер мен МҚҰ-ның нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға осындай өтінімдер бойынша мәліметтерді беру міндеті енгізіледі”.

Алаяқтық жолмен берілгенін анықтайтын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда банк клиенттеріне қатысты несие талаптары тоқтатылады.

Тег: банкнесие

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Тұрғын үйді тасқын су мен зілзаладан қалай қорғаймыз?

Тұрғын үйді тасқын су мен зілзаладан қалай қорғаймыз?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz