Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде ҰБТ форматы өзгереді

фото: ашық дереккөз

Елімізде ҰБТ форматы өзгереді

23.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсырудың жаңа форматы пилот жоба ретінде іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Министр әлемнің көп елінде тестілеуді алып тастау мәселесі қызу талқыланып жатқанын айтты.

“Мәселен АҚШ пандемия кезінде стандартты тестті алып тастады және университеттер өте күрделі мәселеге тап болды. Орталықтандырылмаған оқуға түсу жүйесіне қарамастан, кем дегенде студенттерді бағалау, салыстыру және іріктеу үшін қандай да бір стандарт қажет”, – дейді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, министрлік 2021 жылдан бастап дүниежүзілік банктің қолдауымен ҰБТ форматын қайта құру және ең бастысы – тест сұрақтарының мазмұнын түбегейлі қайта өңдеу бойынша үлкен жобаны іске қосқан.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Алдыңғы жылы біз екі бағыт бойынша жұмыс істедік. Біріншісі – жаңа формат бойынша тест дайындау. Барлық сұрақтарды мазмұнды түрде қайта қарау керек болды. Өткен аптада бұл компонент аяқталды. Тест дайындауды әлемге әйгілі француз компаниясы жүргізді. Жаңа модель бойынша 350 тестолог дайындалды”, – деді министр.

Екінші бағыт – финляндиялық компаниялар тобымен ҰБТ құрылымы бойынша жұмыс.

“Бұл арнайы оқытылған тестологтар тобы SIT форматына ұқсас жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындай бастайды. Бұл – халықаралық деңгейде танылған тест. Оған қоса, біз базаны құрғанда жаңа ҰБТ форматын пилот түрде бастау үшін кем дегенде 50 мың сұрақ әзірлеуіміз керек. Мұнда да мұқият, ұқыпты болуымыз керек. Өйткені форматтың күрт өзгеруі де үлкен проблемаларға алып келеді, жоғары сынып оқушыларын осы форматқа дайындау қажет”, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысы осы жылдан бастап министрлік үлкен пилот жобаға дайындық бастайтынын айтты.

“Біз пилот жобаны келесі жылы бастаймыз. Жоба ҰБТ форматын бірден өзгертпейді, белгілі бір пилоттық режимде іске қосылады. Бірте-бірте біз SIT халықаралық стандартына көшеміз, онда әр талапкердің өзі тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тапсырады, сертификат алады, сонымен оқуға түседі”, – деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 9 және 11-сынып бітірушілеріне арналған емтихандар кестесін жариялаған еді.

Тег: мектепоқушылартестҰБТ

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Енді Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автонесие берілмек

Енді Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автонесие берілмек

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz