Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде жаңа ипотекамен енді салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады ма?

фото: ашық дереккөз

Елімізде жаңа ипотекамен енді салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады ма?

09.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
36
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“9-20-25” жаңа ипотекалық бағдарламасы 2024 жылдың наурыз айында басталған еді. Екі аптаға жуық уақытта қазақстандықтар 16 мыңнан астам өтініш беріп үлгерді. Бірақ оның 9 мыңнан астамы қабылданбады.

Өтініштер 30 сәуірге дейін қабылданады. Ал нәтижелерді есептеу және үміткерлерді бағалау мамыр айының ортасына дейін жүргізіледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұл жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама үйді тиімдірек шарттармен сатып алуға көмектеседі, алайда оны қазақстандықтардың барлығы бірдей пайдалана алмайды.

Бағдарлама талаптары

  • Жаңа ипотекамен тұрғын үй алу үшін қатысушылар бірнеше талапқа сай болуы керек:
  • соңғы алты айда ресми табысы болуы қажет;
  • “Отбасы банкінде” депозиттің болуы, бұл жағдайда туыстар берген салымды пайдалануға рұқсат етіледі;
  • жинақталған сома 1 миллион теңгеден асуы керек, ал жинақтау мерзімі кемінде 18 ай болуға тиіс;
  • қатысушыда немесе отбасы мүшелерінде соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүліктің кез келген түрінің болмауы.

Несие шарттарына келер болсақ, несие берілетін ең ұзақ мерзім 19 жылға дейін жетуі мүмкін, ал максималды қолжетімді сома аймаққа қарай 18 миллионнан 30 миллион теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырады.

Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады, ал мөлшерлеме бастапқыда 9 пайызға тең болады (жылдық тиімді мөлшерлеме 9,2 пайыздан басталады), алайда несие сомасының 50 пайызын жинақтағаннан кейін оның жылдық мөлшерлемесі 3,5 пайыздан 5 пайыз аралығында болады (жылдық пайыздық мөлшерлеме жылына 3,6 пайыздан бастап).

Қандай баспана сатып алуға болады?

Ипотекалық бағдарлама аясында қазақстандықтардың:

  • бастапқы тұрғын үй – яғни пайдалануға берілген көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерді;
  • салынып жатқан тұрғын үйді – тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен үлестік қатысу шартымен пәтер сатып алуына болады;
  • қайталама тұрғын үйді – моноқалаларда, ірі ауылдық елді мекендерде, облыс орталықтарында, бірақ Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтары бұл қатарға кірмейді (оларда тек жаңа тұрғын үйлер алуға болады).

Айта кетейік, Алматы немесе Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу үшін тұрақты тіркеу болуы қажет.

Осылайша, қазақстандықтардың “9-20-25” ипотекасымен тіпті үлестік құрылыс аясында да жаңа тұрғын үй иесі атануға мүмкіндіктері бар. Бұл соңғы шығындар мен несие сомасын азайтуға көмектеседі.

Бұған дейін Қазақстанда 9 пайызбен жаңа ипотека үшін қанша төлеу керек екенін айтқан болатынбыз.

Тег: бағдарламаипотекатұрғын үй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде сатып алынған көліктің ақшасын қайтаруға болады ма?

Елімізде сатып алынған көліктің ақшасын қайтаруға болады ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz