Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде жартыжылдық қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы төмендеген: Әлі де түсуі мүмкін бе?

фото: pixabay.com

Елімізде жартыжылдық қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы төмендеген: Әлі де түсуі мүмкін бе?

03.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

1 шілдеде вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдайдың қорытындылары талқыланып, күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы ортаға салынды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады: маусымда орташа баға индексі 0,3%-ға, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасуда.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, кейінгі аптада бағалар орташа тағы 0,1%-ға төмендеген. Әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%), қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қант (0,1%).

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бағаның төмендеуі 10 облыста байқалады. Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) байқалған.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақытта әкімдіктер маусым-шілде айларына ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты.

Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвардтық сатып алу аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңілдетілген қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Тег: азық-түлікбағаСерік Жұманғарин

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматылықтар қоғамдық көлікте жолақыны көбірек мөлшерде төлеуге дайын ба? (видео)

Алматылықтар қоғамдық көлікте жолақыны көбірек мөлшерде төлеуге дайын ба? (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz