Соңғы жылдары елімізде жасөспірімдердің өлімі жиілеп кетті. Бұл жағымсыз үрдістің себебін Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында “Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі” тақырыбында презентация жасаған Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі айтты.
Қазақстанда 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы өлімнің себебі, бірінші – суицид, екінші – жол-көлік оқиғалары. Осындай оқыс жағдайлар жасөспірімдердің еңбекке қабілеттілігінен айырылуына, сондай-ақ Қазақстандағы бүкіл халықтың өмір сүру ұзақтығының көрсеткішіне әсер ететін жетекші себептер болып табылады, – деді ол.
Негізінен өз-өзіне зиян келтіру мен суицидтің жоғары деңгейінің негізгі себебі – психикалық денсаулық мәселелері. Қазір жасөспірімдер депрессиямен, жағымсыз эмоциялармен көп күреседі. ЮНЕСКО өкілінің сөзінше, жастар суициді маңызды мәселелердің бірі болып тұр.
Көрсетілген презентацияға мән берсек, психикалық бұзылулардың 50%-ы 14 жастан, 75%-ы 24 жастан басталады екен. Ол көптеген жағдайлар анықталмайды және емделмейді