Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салынуы мүмкін

фото: ашық дереккөз

Елімізде жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салынуы мүмкін

20.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы жылдары несие мәселесі үлкен ауруға айналды. Рәсімдеп алып, төлей алмай құрдымға түскендер саны артып барады. Қалаған сомасын алу үшін түрлі қулықтарға барып жатады. Бұл мәселенің шешу жолын табудың бір амалы қарастырылуда. Парламенттің жұмыс тобы 18 наурызда өткен отырыста осындай тыйым қарастырылған заң жобасын талқылады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Қазақстанның заңшығарушылары халықтың қарыз ауыртпалығына қарсы шараларды белсенді түрде қабылдап жатыр. Мысалы, елде қазірдің өзінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң бар, бұл азаматтарға шамадан тыс қарыз жүктемесінен құтылуға мүмкіндік береді.

“Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының авторлары қазақстандықтарға несие жүктемесін жаңа тәселмен реттеуді ұсынып отыр. Жобада бір норма қарастырылған, ол бойынша қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз өз атына несие ала алмайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Жоба 6 наурызда бірінші оқылымда мақұлданды, ал 18 наурызда парламенттің жұмыс тобы түзетулер пакетін талқылады. Заң қабылданса, бұл нормалар 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Маңызды түзетулердің бірінде былай деп жазылған: Банкке, банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдарға жеке тұлғаға күйеуінің (әйелінің) келісімінсіз банктік қарыз беруге тыйым салынады, келісімді қажет ететін несиені алу тәртібі мен банктік қарыздың минималды мөлшері уәкілетті органның нормативті құқықтық актілерімен белгіленеді.

Осылайша, іс жүзінде қарым-қатынаста болуына немесе ажырасу сатысында тұрғанына қарамастан, некедегі қазақстандықтар несие мәселесін бірлесіп шешуі қажет болады.

Біз бұл жаңашылдық қазақстандықтарға қандай қауіп төндіретінін болжап көруге тырыстық.

Біріншіден, бұл некедегі адамдарды тек бірлесіп шешім қабылдауға итермелейді.

Бұл ретте әр түрлі жағдай болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылар қатты жанжалдасып жүрген болуы мүмкін, мұндай жағдайда ақша емге, оқуға немесе басқа да маңызды қажеттіліктерге қажет болған күннің өзінде де ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне несие алуға тыйым салуы мүмкін.

Бұдан бөлек форс-мажор жағдайлар туындауы мүмкін. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірі күрделі ем қабылдап жатуы мүмкін, ол ауруханада жатып, несие рәсімдеуге физикалық түрде келісім бере алмауы мүмкін. Бұл жағдайда науқастың жұбайы жағдайға тәуелді болады және ақша жалпы отбасылық қажеттіліктерге қажет болса да, қажет соманы несиеге ала алмайды.

Заң жобасы қазақстандық банктерге белгілі бір шектеулер қояды, себебі егер банк қарыз алушыға жұбайының келісімінсіз несие берсе, онда қаржы ұйымы жеке тұлғадан мұндай банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды талап етуге құқығы жоқ.

Сәйкесінше, банктер де клиенттердің деректерін және ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру бойынша шаралар қабылдауы қажет болады.

Бұл норманың артықшылығы, заң жобасы авторларының пікірінше, қазақстандықтарды өзінің бастамасымен туындамаған қарыз жүктемесінен қорғау болып саналады.

Мысалы, көбіне лудоманияның зардабын шегіп жүрген адамдардың отбасы ерлі-зайыптылардың бірінің кесірінен қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Ойынға тәуелді адам несие алып, оны қайтармай, қарыз міндеттемесін жұбайына арта салуы мүмкін.

Жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым салу қазақстандықтарды қаржылық пирамидаға қатысудан да сақтай алады. Ерлі-зайыптылардың бірі көп табыс табудан үміттеніп, пирамидаға қомақты сома салғысы келуі мүмкін. Сол үшін ол несие алғысы келеді, бірақ жұбайы мұндай бастамаға қарсы болса, несие ала алмайды.

Сонымен қатар қоғамда сақталып келе жатқан тенденцияларды да ескерген жөн. Еліміздің тұрғындары некеге тұруды сирете бастаған. Жақында Қазақстанда жаңа некелер саны антирекорд орнатты. Data Hub сарапшыларының айтуынша, соңғы 19 жылда тіркелген некелердің санынан азайып кеткен.

Ал ажырасулар саны артып келеді, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан ажырасулар саны бойынша ТОП 20 елдің қатарына енді. Көбінесе қазақтар ішімдікке салыну, нашақорлық, ерлі-зайыптылардың бірінің құмар ойындарға әуестігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, опасыздық салдарынан ажырасып жатады.

Тег: ерлі-зайыптыларзаңнесие

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша теңгені құрайды?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша теңгені құрайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz