Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздегі ең ірі 50 салық төлеуші компания анықталды

фото: pixabay.com

Еліміздегі ең ірі 50 салық төлеуші компания анықталды

14.03.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қаржы министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі 50 салық төлеушінің тізімін жасады. Көш басында “Теңізшевройл”, Karachaganak Petroleum Operating B.V., және “Маңғыстаумұнайгаз” секілді компаниялар бар, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар:

  • “Теңізшевройл” – 3 триллион теңге
  • Karachaganak Petroleum Operating B.V. – 1,1 триллион теңге
  • “Маңғыстаумұнайгаз” – 304,5 миллиард теңге
  • Halyk Bank – 259 миллиард теңге
  • “Азиялық Газ Құбыры” – 224,8 миллиард теңге

Үздік ондыққа сонымен қатар төмендегі компаниялар кірді:

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
  • KAZ Minerals Aktogay (212 миллиард теңге)
  • “Норт Каспий Оперейтинг Компани” филиалы (210,7 миллиард теңге)
  • “Өзенмұнайгаз” (182,5 миллиард теңге)
  • “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” (178,7 миллиард теңге)
  • “Филип Моррис Қазақстан” (167,8 миллиард теңге)

Банктер арасында Kaspi Bank (22-орын, 107,2 миллиард теңге) және “Банк ЦентрКредит” (31-орын, 77,7 миллиард теңге) бар. Kaspi-дің еншілес компаниясы “Kaspi Магазин” 18-орынға көтеріліп, 118,3 миллиард теңге салық төлеген.

Мұнай-газ саласындағы компаниялар:

  • “Ембімұнайгаз” (167,4 миллиард теңге)
  • “Қаражанбасмұнай” (163,4 миллиард теңге)
  • “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” (127,9 миллиард теңге)
  • “ҚазМұнайГаз” (85,6 миллиард теңге)
  • “Chevron International Petroleum Company” (65 миллиард теңге)
  • “Қазгермұнай” (64,4 миллиард теңге)

Мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты (154,5 миллиард теңге)
  • Павлодар мұнай-химия зауыты (142,6 миллиард теңге)

Тау-кен өндірісіндегі ірі салық төлеушілер:

  • “Қазақмыс корпорациясы” (132,2 миллиард теңге)
  • KAZ Minerals Bozshakol (117,4 миллиард теңге)
  • Altyntau Kokshetau (96,5 миллиард теңге)
  • “Бақыршық тау-кен кәсіпорны” (59,6 миллиард теңге)
  • RG Gold (56,6 миллиард теңге)
  • “Қазхром” (46,7 миллиард теңге)

Уран саласындағы компаниялар:

  • “Қаратау” (93,9 миллиард теңге)
  • “Инкай” бірлескен кәсіпорны (91,1 миллиард теңге)
  • “Оңтүстік тау-химия компаниясы” (80,7 миллиард теңге)
  • “Ақбастау” бірлескен кәсіпорны (63,8 миллиард теңге)
  • “Хорасан-U” бірлескен кәсіпорны (53,4 миллиард теңге)
  • “Катко” қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны (52 миллиард теңге)

Темекі өндірісінде “Джей Ти Ай Қазақстан” (160,4 миллиард теңге) және “Филип Моррис Қазақстан” (167,8 миллиард теңге) салық төледі.

Телекоммуникация саласындағы компаниялар:

  • “Қазақтелеком” (114,1 миллиард теңге)
  • “КаР-Тел” (Beeline және Activ брендтерінің иесі, 71 миллиард теңге)
  • “Қазақстан темір жолы” 93,8 миллиард теңгемен 27-орында, KEGOC 49,2 миллиард теңгемен 49-орында.

Құрылыс саласында жалғыз компания “Сенімді Құрылыс” (57,9 миллиард теңге), автокөлік саласында “Toyota Motor Kazakhstan” (64,6 миллиард теңге) болды.

Сондай-ақ тізімге “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры (60,6 миллиард теңге), QazaqGaz ұлттық компаниясы (50,9 миллиард теңге), “Жасыл даму” (64,9 миллиард теңге) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (53,7 миллиард теңге) кірді.

Айта кетейік, 2024 жылы республикалық бюджетке 12,3 триллион теңге салық түскен еді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға (604 миллиард теңгеге) аз.

Тег: компаниясалық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
МӘМС жарнасы өседі: Бұл кімдерге қатысты?

МӘМС жарнасы өседі: Бұл кімдерге қатысты?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz