Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздегі ең ұзын 5 канал

фото: pixabay.com

Еліміздегі ең ұзын 5 канал

13.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
13
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі ең ұзын 5 каналға шолу жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Жаңадария каналы

Жаңадария каналы – Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Ол егістік жерлерді, көкөніс және бау-бақша дақылдарын, сондай-ақ қызылорда облысының табиғи жайылымдары мен жемшөп алқаптарын суаруға арналған.

Каналдың жалпы ұзындығы 555,4 шақырымды құрайды, оның 535,6 шақырымы табиғи су арнасы арқылы өтеді.

Ертіс-Қарағанды каналы

Ертіс-Қарағанды – Орталық Қазақстанның өнеркәсіптік аудандары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге арналған канал.

Ұзындығы – 458 шақырым. Оның 272 шақырымы Павлодар облысы арқылы, 186 шақырымы Қарағанды облысы аумағы арқылы өтеді.

Ертіс өзенінің саласы – Ақсу қаласының үстінде орналасқан Белая өзенінен бастау алады.

Каналдың негізгі құрылыстары: 22 сорғы станциясы, олардың көмегімен су 418 метрге көтеріледі, 14 су қоймасы және 34 канал.

Бір сорғы станциясы секундына 18 текше метр немесе тәулігіне 1,5 миллион текше метр су өткізе алады.

Арыс-Түркістан каналы

Арыс-Түркістан – Түркістан облысы аумағындағы ирригациялық канал. Жалпы ұзындығы шамамен 196 шақырымды құрайды.

Арыс каналының қараспан су қоймасынан Бөген су қоймасына дейінгі ұзындығы 51 шақырымды құрайды.

Бөген су қоймасынан басталатын Түркістан каналының ұзындығы шамамен 145 шақырымды құрайды.

Үлкен Алматы каналы

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы Іле өзенінің бассейнінде орналасқан. Канал суы егістіктерді суаруға, ауқымды өндірістік, шағын экономикалық және рекреациялық қажеттіліктерге пайдаланылады.

Гидротехникалық құрылысты салу идеясы Дінмұхамед Қонаевқа тиесілі.

Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы жобаға рекордтық 270 миллион рубль бөлу туралы шешім қабылдайды.

Жалпы ұзындығы – 168 шақырым. Канал Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары арқылы Өтіп, Алматы қаласына дейін жетеді.

Қызылқұм каналы

Қызылқұм каналы – Түркістан облысындағы ирригациялық канал. Жалпы ұзындығы 116,3 шақырымды құрайды.

Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасынан бастау алады және облыстың солтүстік аймағын сумен қамтамасыз етеді.

Канал 74,3 мың гектардан астам егістік жерлерді суаруға, сондай-ақ Шардара су қоймасының толып кету қаупі төнген кезде тасқын суларды өткізуге пайдаланылады.

Тег: Арыс-Түркістан каналыЕртіс-Қарағанды каналыЖаңадария каналыканалҚызылқұм каналыҮлкен Алматы каналы

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстандағы тұңғыш референс-зертханада қандай сараптамалар жүргізіледі?

Қазақстандағы тұңғыш референс-зертханада қандай сараптамалар жүргізіледі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz