Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Еліміздің қай өңірінде көлік саны аз?

фото: pixabay.com

Еліміздің қай өңірінде көлік саны аз?

01.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2024 жылы қазақстандық дилерлер автокөлік сатудан рекорд жаңартты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Қазақстандағы ең ірі онлайн авто-хабарландыру платформасының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 205 111 көлік сатылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары.

Сонымен қатар Қазақстанның автомобиль нарығындағы ТОП-3 көлік маркасы да белгілі болды. Өткен жылы еліміздегі автосалондар 44 218 Hyundai көлігін сатқан. Екінші орында 30 927 данасы саудаланған Chevrolet маркасы. Үздік үштікті 23 045 дана сатылыммен Kia көлігі түйіндейді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 1 наурызына дейін елімізде 5 791 674 автокөлік тіркелген. Оның 5 101 862-сі жеңіл көлік. Одан бөлек 573 659 жүк көлігі мен 116 153 автобус бар.

Автомобиль саны бойынша Алматы қаласы көш басында. Оңтүстік астанада 671 163 көлік тіркелген. Тізбекті 612 907 машинамен Алматы облысы жалғастырады. Үшінші орын 429 229 көлігі бар Астана қаласына тиесілі. Автомобильді ең аз қолданатын өңір — Ұлытау облысы. Онда 26 725 көлік тіркелген.

Қазақстанда барлығы 5 791 674 тіркелген. Өңірлерге келер болсақ:

Абай — 69 493
Ақмола — 241 623
Ақтөбе — 221 886
Алматы — 612 907
Атырау — 158 783
Батыс Қазақстан — 176 368
Жамбыл — 300 445
Жетісу — 79 690
Қарағанды — 361 674
Қостанай — 244 353
Қызылорда — 178 645
Маңғыстау — 194 720
Оңтүстік Қазақстан — 147 231
Павлодар — 213 191
Солтүстік Қазақстан — 178 007
Түркістан — 333 625
Ұлытау — 26 725
Шығыс Қазақстан — 333 648
Астана қаласы — 429 229
Алматы қаласы — 671 163
Шымкент қаласы — 247 552
Дипломатиялық нөмірлер — 52 232
Өңірі көрсетілмеген — 318 484

Еліміздегі темір тұлпарлардың 82%-ы, нақтырақ айтсақ, 4 740 115-і бензин тұтынады. 412 099 көлік дизель отынымен, 13 356 көлік газбалонмен жүреді. Ал 421 232-сы гибридті автомобильдер. Сондай-ақ Қазақстанда 13 599 электр машиналары бар. Қалған 188 273 көліктің қолданатын отын түрі көрсетілмеген.

 

 

Тег: автокөлік

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақтың ұлттық тағамдарының атаулары қайдан шыққан?

Қазақтың ұлттық тағамдарының атаулары қайдан шыққан?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz