Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Енді Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автонесие берілмек

фото: kp.ru

Енді Қазақстанда бірнеше несиесі барларға да автонесие берілмек

23.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
5
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Енді елімізде банкте бірнеше несиесі барларға да автонесие берілуі мүмкін. Қарыз ұсынғалы отырған қаржы ұйымдары жаңа көлік мінуге ниетті адамның борыш жүктемесін есепке алмайды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Берешегін уақытылы өтеп жүрген борышкер банкке өтініш беріп, автонесие рәсімдей алады. Алайда көлік кепілге қойылады. Бұл бастаманы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтеріп отыр. Қаулыға сәйкес, қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін есептеуге қатысты бірқатар өзгерістер енгізілмек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасы отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған. Жеңілдетілген автонесие жобасы шеңберінде сатылуға тиіс көліктерді сатады. Бастысы жаңа көлік мінуге ниетті адам алты ай банк алдындағы берешегін кешіктірмей, уақытылы төлеп тұруы шарт.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Жобада қарыздар бойынша борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды алып тастау көзделеді. Бірақ несиеге алынған көлік кепілге қойылады. Яғни борышкер қарызын өтемесе, банк көлікті сатылымға шығарып, ақшаны қайтарады”, – деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Сарапшылар банктер борыш жүктемесіне қарамайды екен деп қарызға батуға, автонесие рәсімдеуге болмайтынын айтады. Яғни, берешекке асқан жауапкершілікпен қарап, бизнесті дамыту, не жолаушы тасымалдау деген секілді белгілі мақсаттар үшін алу қажет. Пікірлерінше, саланы дамыту үшін де алдымен өндіріс көлемін ұлғайту маңызды.

“Дөңгелегін, я болмаса басқа дискісін бе, я басқа бөлшегін шығару үшін оған үлкен көлем керек. Ол көлем 200 мыңнан асқаннан кейін ғана болады. Сондықтан бүгінде мақсатымыз – 150-ден 200 мыңға жеткізіп, одан әрі қарай кейін жаңағы автомобиль шығару деген мемлекеттік қатарына қосылу мәселесі”, – деді экономист Сапарбай Жұбаев.

Сарапшының айтуынша жаңа көліктің қолжетімділігі отандық автопаркті де жаңалауға мүмкіндік береді.

 

Тег: автокөлікавтонесиенесие

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде автокөлік қашан арзандайды?

Елімізде автокөлік қашан арзандайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz