Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Енді мемлекет еліміздегі жұмыссыздарға МӘМС жарналарын төлемейді

фото: pixabay.com

Енді мемлекет еліміздегі жұмыссыздарға МӘМС жарналарын төлемейді

15.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұрғындардың медициналық қызметті тегін алу үшін өзін жұмыссыз ретінде тіркеп жатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Besmedia сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова жұмыссыз ретінде тіркелген қазақстандықтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қаржыландырмауды ұсынды.

“Тіркелген жұмыссыздардың саны жыл сайын артып келеді. Олардың көпшілігі міндетті медициналық сақтандыру бойынша белгілі бір қызметтерді тегін алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелген. Еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатында жұмыссыздарды жеңілдетілген санаттан толығымен алып тастауды ұсынып отырмыз”, – деді ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта Астанада сақтандырылмағандар саны – 339 530 адам, бұл халықтың 23%-на тең. Оның ішінде 12,5 мың адам Е санатына (төтенше жағдай), 44,5 мың адам D санатына (дағдарыс деңгейі) жатады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Қазіргі уақытта біз E және D санатындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтап жатырмыз, 1 тамыздағы жағдай бойынша D санаты бойынша 263 адам, Е санатындағы 223 адам жұмыссыз ретінде тіркелген”, – деді ол.

Төтенше жағдай деңгейіне (Е санаты) жұмыстан кенеттен айырылған, денсаулығының күрт нашарлаған немесе басқа да төтенше жағдайлардағы адамдар кіреді. Бұл адамдарға жағдайын тұрақтандыру үшін шұғыл көмек қажет.

Дағдарыс деңгейіне (D санаты) ұзақ уақыт жұмыссыз, тұрақты қаржылық қиындықтары бар адамдар, созылмалы аурулары және басқа да әлеуметтік проблемалары бар адамдар кіреді. Бұл адамдарға ұзақ мерзімді қолдау қажет.

Тег: ЖарнажұмыссыздықМӘМС

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Қазақстандықтар жылу үшін қанша миллион теңге артық төлеп келген?

Қазақстандықтар жылу үшін қанша миллион теңге артық төлеп келген?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz