Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Еркектер мешітте отырып алып, ертегі тыңдайды»: жеке кәсіпкер ер адамдарды сынап тастады

«Еркектер мешітте отырып алып, ертегі тыңдайды»: жеке кәсіпкер ер адамдарды сынап тастады

26.09.2023
Жаңалықтар
509
👁️
WhatsappTelegramFacebook

 

Белгілі кәсіпкер, психолог Ахметбек Нұрсила мешітке барып, уағыз тыңдайтын адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kaskelen.kz

Кәсіпкер әлдебір аудио хабарламаны тілге тиек етті. Айтуынша, онда автор мешітке жиналып алып, уғағыз тыңдайтын еркектерді жерден алып, жерге салған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Әлеуметтік желіде бір аудио тарап жүр. Оның авторы кім екені белгісіз, тек дауысы арқылы әйел адам екенін ғана аңғаруға болады. Онда дінге қатты беріліп кеткен кей қазақтың жағдайы туралы сөз етіледі. Аудиода былай дейді:
“…Мынау 30 жылдан бері өте көп ертегі пайда болып кетті ғой. Бір жап-жақсы ертегіні айтып келе жатып, ортасына арабтың идеологиясын қосып жібереді. Біз адамдардың рухын езіп, ертегі еліне айналып кеттік. Еркектер мешітте отырып алып, ертегі тыңдайды, Құдай-ау… Сондай ұлтқа айналып кеттік. 30 жылдың ішінде қалың еркек еңбек етпей, технология ойламай, мешітке барып ертегі тыңдайтын дәрежеге жеттік. Ұят емес пе”, – делінген жазбада.

Аудио хабарламада автор ер азаматтар молданың ертегісін тыңдаудың орнына, тірлік істеп, даму керегін айтады-мыс.

“Сен ешкімге қиянат жасамасаң, ешкімді буындырып, ешкімді өлтірмесең, қанына қалмасаң, ешкімнің ақшасын алмасаң, сенде қайдағы күнә? Не күнә адамда? Біреудің ақысын алмасаң, түзу жүрсең, заңға бағынсаң, ата-анаңды сыйласаң, балаңа мейірім төксең, қайдағы күнә? Неге күнәһар сезінеді бізде қазақтар өзін? Неге бір жерге жиналып алып, ертегі тыңдайды? Мен түсінбей­мін. Мен дінге қарсы емеспін. Неге қорқасыңдар? Неге күнәһармын деп рухтарыңды езе­сіңдер? Түк күнәсі жоқ қазақтың. Осы күнге дейін езілгеніміз жетеді. Құдайдың бізге беретін шағы болды. Тек екі қолымызбен еңбек етсек қана бізге Құдай береді.

Ел арасында осындай да пікірлер бар. Ал онымен келісу не келіспеу әркімнің өз еркінде”, – дейді автор.

Кәсіпкер желідегі парақшасында жариялаған бұл жазба көпшіліктің талқысына түсті.

“Бұл ертегі емес, Құраннан аят”, “Дұрыс айтады, артқа кетпей алға жүру керек”, “Осыларға халықтың әсіресе жастардың санасын улағаны үшін қатаң жаза тағайындау керек”, “Ақыл-ойының жеткен жері осы болса не істейсің”, “Тарих, ата-бабамыздың өмірі де ертегі ме сонда”, – деп түрлі пікір қалдырды желідегілер.

Тег: Ахметбек Нұрсиладінер адамдаркәсіпкер

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Жақында ғана жөнделген”: Екібастұзда құбыр жарылды

"Жақында ғана жөнделген": Екібастұзда құбыр жарылды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz