Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ешкімнің басына бермесін”: марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайы халыққа үндеу жасады

фото: ашық дереккөз

“Ешкімнің басына бермесін”: марқұм Арман Дүйсеновтың жұбайы халыққа үндеу жасады

20.12.2023
Жаңалықтар
607
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал композитор Арман Дүйсеновтың дүниеден өткеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Осы орайда марқұмның келіншегі қалың көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Арман Дүйсенов өмірден өткелі оның парақшасы сол қалпында қалып, онда ешқандай жазба жарияланбаған еді. Марқұмның келіншегі бұны қолға алуды жөн көрді.

Ол әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасап, қолдау білдіруін сұрады. Өнер иесінің әйелі алдағы уақытта бұл парақшада отағасының жасаған бағдарламалары, жазған әндері мен композициялық шығармаларын жарияламақшы.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Ардақты ағайын! Біздің әулетіміздің ғана емес, тұтас елдің сүйікті перзентіне айналған Арман Дүйсеновтей азаматтың дүниеден көшкеніне жылға толуға айналды. Осы бір жылдың біздің отбасымыз үшін қаншалықты мұңлы, қаншалықты ауыр болғанын айтып жеткізу қиын. Әкесін іздеген ұл-қызыңның жәудіреген жанарына шарасыз күйде қараудан ауыр не бар? Осы қайғыны жан-жүрегімен сезініп, біздің қайғымызды бөліскен қалың жұртқа Алла разы болсын! Мұндай сынақты енді ешкімнің басына бермесін.

Арманның асыл бейнесі, аңқылдаған ақ жүрегі, әсем әндері талайдың жанын баурағаны сөзсіз, оны елдің іздейтіні де содан болса керек. Оның әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмеуімізді, қайта оны тұрақты жүргізуімізді өтініп сұраушылардың да қарасы қалың. Арманның екінші өмірі жалғасқанын, оның елімен бірге жасағанын біз де қалаймыз. Сондықтан, Арманның әлеуметтік парақшасын қайта жаңғыртқанды жөн санадық. Мұнда Арманның әндері, композициялық шығармалары, жасаған бағдарламалары жарияланады. Бұл жұмыстарға сіздердің де көмектеріңіз тиеріне сенеміз. Осылайша Арманның асыл бейнесі бәрімізбен бірге жасайтын болады. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін”, – деп жазды ол марқұм күйеуінің Instagram парақшасында.

Тег: Арман Дүйсеновқайтыс болды

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Сейфуллин Жолбарыстың жары бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

Сейфуллин Жолбарыстың жары бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz