Бүгін Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қарсы ойын өткізбек. Бұл ойында табылған әрбір ұпай команданың тағдырына зор әсер етпек, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Отандық құраманың бас бапкері Магомед Адиев бүгін өтейін деп жатқан ойынға қатысты пікірімен бөлісті.
«Біздің команда мен еліміздің бір ғана тілегі бар – жеңіс. Біз – бір командамыз, бәріміз жұмыла жұмыс істейміз», – дейді бапкер.
Матч елордадағы «Астана-Арена» стадионында кешкі сағат 21:00-де басталады.